Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағылымы мол шара - АРҚА АЖАРЫ

Тағылымы мол шара

Таяуда Аршалы кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінде «Оқушылардың құқықтары мен абыройын қорғау» тақырыбында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша облыстық семинар-тренинг болып өтті. Семинарға Ақмола облыстық білім басқармасының өкілдері мен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері қатысты. 

Психологиялық қызметтің  дамуы және қажеттілігін талқылау, мамандар тобының қол жеткізген  істерін ортаға салу, мамандар тәжірибесінің құндылығын айғақтау семинар мақсаты болды. Пленарлық отырыста «Ақмола облыстық білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Соня Қасымова құттықтау сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жиын барысында «Ақмола облыстық білім басқармасының әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Инара Ермұханова, Ақмола облыстық білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинеті  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологиялық қызметті үйлестіру жөніндегі әдіскері және тағы басқалары сөз сөйледі. Семинар-тренингке қатысушылар білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың, кибербуллинг пен буллингтің алдын алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.

Спикерлер өз баяндамаларында семинарға қатысушыларды қорқыту түсінігімен және кибербуллингтің ерекшеліктерімен, сондай-ақ, жастар арасындағы бұзақылықтың алдын алу және онымен күресу бойынша қазіргі заманғы ресурстармен таныстырды. Қатысушылар мұндай жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі туралы негізгі ұсыныстарды талқылады. Бейне тұсаукесер мысалында қиын жағдайдан шығу әдістері талданып, оқушыларға психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Семинар қорытындысы барысында қатысушылар арасында кері байланыс жасаланып, іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтар облыстық әдістемелік орталығының сертификаттарымен марапатталды.

Руслан МАХАНОВ,
Аршалы ауданы білім бөлімі
әдістемелік кабинетінің тәрбие жөніндегі әдіскері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар