Инновациялық экожобалар – қоршаған ортаны қорғайды  

Көкшетау қаласының  «Болашақ» сарайында  «Eco AQMOLA» ғылыми-экологиялық көрмесі өтті. Шараға 14 пен 35 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Жастар  арасында авторлық жобалар көрмесі жыл сайын өтуде. Оның басты мақсаты экологиялық бастамаларды анықтау және қолдау, сонымен бірге, түрлі салаларда экологиялық жобаларды әзірлеп, енгізу болып табылады.  Мұндай ауқымды көрмеде пікірлестер арасында қызықты қарым-қатынас орнатылып, шығармашыл жастар арасында білім алмасу мен жаңа таныстық пайда болады.

–Осындай көрмелер мен байқауларға қатысу жастарға танысуға, шығармашылық ұжымдарға бірігуге және болашақта экологиялық жобалар жасауға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақмола облысының экологиялық жобалар жинағын шығаруды жоспарлап отырмыз, – деп ой бөлісті «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қорының  төрайымы Мариям Әбішева. Ұйымдастырушы атап өткеніндей, барлық жобалар техникалық жағынан өте күрделі және өте жақсы ойластырылған.

Мұндай маңызды іс-шаралар мен жобалар  бизнес, ғылым және тәуелсіз мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты коммуникацияны дамытуға оң ықпал ететіні сөзсіз. Көкшетау жоғары техникалық колледжінің студенті Николай Курило  өз жобасын ұсынғандардың бірі болды.

–Егер әркім бұл жобаны ілгерілететін болса, пайдасы мол. Ағынды сулар алдымен тұндырылады. Одан соң құм тұтқыш арқылы өткізіледі. Барлық ірі қоқыс сол жерде қалады. Сөйтіп, тазарту құрылғысына келеді. Жобамда осы мәселені жан-жақты ашқым келді, – деді ол.

Байқауда Көкшетау, Атбасар, Степногорск қалалары, Аршалы ауданы мен Ақкөл ауданы әртүрлі оқу орындарының балалары өз жобаларын таныстырды. Сондай-ақ, көрмеге «Лутошкиндер отбасы» бастамашыл тобы  да қатысты.

Шара  қорытындысы бойынша  бірінші орынды Көкшетау қаласынан «Bilim-Innovation» лицейінің биотыңайтқыш енгізу орайындағы «АВТО суару» жобасы иеленді. Екінші орындытағы да облыс орталығынан №5 «Тандау» көпсалалы гимназиясынан «LeaftCraft» жобасы жеңіп алды. Үшінші орын Атбасар қаласындағы «Эко білім» атты «Лутошкиндер отбасы» бастамашыл тобының жобасына бұйырды. Байқаудың қалған қатысушыларына сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар