Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жоспарлы құрылыс нысандары уақытында іске қосылуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Жоспарлы құрылыс нысандары уақытында іске қосылуы тиіс

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік мәжілісінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен қалалардың әкімдері облыстық басқармалар мен департаменттердің, сондай-ақ, кәсіпорындардың басшылары, облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіне – құрылыс саласындағы проблемалық мәселелер және қысқы уақытта автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша қабылданған шаралар енгізілді. Отырысты бастамас бұрын  аймақ басшысы қараша айында өткен аудан әкімдерінің сайлау қорытындылары бойынша жаңа сайланған аудан басшыларын таныстырды. Марат Ахметжанов әкімдерге халықпен кездесіп, ауданды дамыту бойынша жоспарларды іске асыру керектігін  алға тартты. Құрылыс саласындағы проблемалық мәселелер бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Әубәкіров баяндама жасады.

– Қазіргі уақытта облыста 62 ұзақ мерзімді  құрылыс нысандары бар. Олар облыстың 10 өңірінде шоғырланған.  Бұл Көкшетау, Степногорск қалалары мен Ақкөл, Еңбекшілдер, Атбасар, Бұланды, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл және Целиноград аудандары. Ұзаққа созылған құрылыстың негізгі себептеріне  құрылыс материалдарының қымбаттауы, жауапсыз мердігерлер, сондай-ақ, бюджет қаражатын уақытылы бөлмеу жатады. Қаражат үш және одан да көп жыл ішінде кезең-кезеңімен бөлінеді. Бұл құрылыс жұмыстарын баяулатады және мамандар мен қызметкерлердің кетуіне себеп болады, – деді Марат Әубәкіров.

Аймақ басшысы барлық  проблемалық нысандарға назар аударып, оларды бақылауға алып, аяқтау керектігін айтты.  Сондай-ақ, облыс бойынша осындай ұзақ құрылыстардың себебі болып табылатын жауапсыз мердігерлерді жауапқа тарту керектігін алға тартты.

– Оларда заңды және экономикалық жауапкершілікке деген түсінік болуы  керек. Егер де шын мәнінде бөлінген қаражат толық көлемде мақсаты бойынша игерілмесе, келісім-шартты бұзып, заңның барлық қатаңдығымен жазалау қажет, – деді Марат Ахметжанов. Сонымен бірге, проблемалық нысандар мәселесі орын алған аудандардың әкімдеріне олқылықты жою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Отырыстың күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе қысқы уақытта автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша қабылданып жатқан шараларболып табылады. Бұл туралы  облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары баскармасының басшысы Владимир Кулаков  баяндады.

–Бүгінгі таңда қысқы күтіп ұстаумен 5 626 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар қамтылған. Оның ішінде облыстық маңызы бар 2 661 шақырым және аудандық маңызы бар 2 965 шақырым жол бар. Облыстық маңыздағы автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау үшін басқарма он мердігерлік ұйыммен келісім-шарт жасады. Сондай-ақ, 130 дана қар тазалайтын техника бар. Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымдарда жанар-жағармай, көктайғаққа қарсы материалдардың қажетті қоры бар, – деп атап өтті өз сөзінде Владимир Кулаков.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мердігер ұйымдардың жолға уақытылы шығуын қамтамасыз ету мақсатында  жылытылатын үй-жайлар мен гараждар ретке келтірілді. Ағымдағы жылғы жолдарды қысқы күтіп ұстауға желтоқсан айының соңына дейін 234 миллион теңге көлемінде қаржы көзделген.

Облыс әкімі отырысты қорытындылай келе, олқылықтарды жойып, қысқы уақытқа тиянақты дайындалу, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар