Ақмола облысында 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар тізбегі аяқталуға жақын.Сондықтан, осы күнге арналған бүкіл ақпараттық науқанның басты шарасына айналған кең ауқымды жастар акциясы дәстүр бойынша жыл соңында өтеді. Осыған байланысты «Көкшетау» мәдениет сарайында қорытынды іс-шара ұйымдастырылып,оған облыс орталығының мектептерінен, колледждерінен және университеттерінен 600-ге жуық жастар жиналды.
Бұл күні ЖИТС-пен күресудің басты символы болып табылатын кеудеге қызыл жолақ таққанадамдар көптеп кездесті. Іс-шараның негізгі бөлігі басталғанға дейін жастардың акцияға белсенді қатысқаны қуантты.Біреулері адамның иммун тапшылығы вирусымен өмір сүретін адамдарға өз тілектері мен қолдау сөздерінен тұратын жүрекше қалдырды, ал, басқалары ұйымдастырушылар ұсынған бүктемелерді қарап, бір-бірінің АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болуын тексерді. Сондай-ақ, дәл осы залда кез-келген адам АИТВ-ға қарсы жедел тестілеуден өтіп, өз мәртебесін білді. Бұл мүмкіндікті 50-ден астам адам қолданды.Одан әрі барлық қатысушыларға арнап шығармашылық нөмірлері бар, концерттік бағдарлама өткізіліп, АИТВ туралы пайдалы ақпараттарайтылды.
Жастар акциясын орталықтың бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов ашып, биыл ЮНЭЙДС таңдаған «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» ұраны жөнінде айтып, биылғы жылы жастарға осындай маңызды қоғамдық күнге қызығушылықтары мен ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. Сонымен бірге, оларға мықты денсаулық пен жақсы оқып, АИТВ-инфекциясымен байланысты стереотиптерден арылуды тіледі.
Шара соңында АИТВ-инфекциясының алдын алуға қосқан үлесі үшін орталықтың еріктісіИбрагим Озиев, облыстық психикалық денсаулық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Мұхамедьярова, білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімініңбас маманы Айгүл Мағауина, облыстық «Акмолинская правда» газетінің тілшісі Наталья Яковлева және Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының психологы Галина Анисимова Алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен, жақын арада біздің қоғам «мәртебесі бар» адамдарға ашық және төзімді болатындығына үміт бар. Осындай іс-шаралардың арқасында әркім АИТВ-пен ауыратындығы туралы ашық айтудан қорықпай сөйлей алады. Бірақ, бұл үшін қоғам «оқшаулауға болмайды» дегенге дұрыс басымдық бергені жөн.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.