Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті

Облыс орталығындағы «Болашақ» сарайында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен ашық форматта кездесу өткізіп, өңіріміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына, журналистер жұмысының маңыздылығына тоқталды.

Өзара пікір алмасу форматында өткен жүздесуге республикалық басылымдар мен телеарналардың меншікті тілшілері мен өңірлік бұқаралық ақпарат өкілдері  қатысып, халық көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарды ортаға салып, олардың барлығына тұшымды жауаптар ала алды. Жиын барысында аймақ басшысы ағымдағы жылдың 11 айының
қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, облыстың негізгі жетістіктері және одан әрі перспективалары туралы
айтты.

– Біз алдымен халықты қандай мәселе толғандырып отыр, қай мәселені тез арада шешуіміз керек, яғни, кемшіліктерді ескеріп, жоспар жасауға және оларды жоюға бағытталған модельге көшуіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойып отырған басты талаптарының  бірі де осы. Жасалып жатқан игіліктің барлығы халық үшін. Біздегі басты мақсаттың бірі  – халықтың тұрмыстық жағдайын  жақсарту,– дей келіп, өңір басшысы қазіргі таңда Көкшетау қаласы мен Қосшы қаласының Бас жоспарын бекіту мәселесі қолға алынғанын айтты.

Облыста халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Екінші желтоқсанда Дубайда арабтың Metito компаниясымен ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды. Келесі жылы Көкшетаудағы жылу электр орталығының құрылысы жобасының басталуы, Ресей мен Қазақстан арасында жылу электр стансасын салу туралы үкіметаралық келісімге қол қою мәселесі пысықталуда. Жол желісін жақсарту бойынша көп жұмыстар атқарылуда. Биыл 1000 шақырымға жуық жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жоспарлануда. Елордаға іргелес елді мекендерді дамыту аясында 235 іс-шара, оның ішінде 19 жеке инвестициялық жобаны қарастыратын жаңа кешенді жоспардың жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта ол орталық мемлекеттік органдармен келісуде.

Степногорск және Атбасар көпсалалы қалалық ауруханаларын жаңғырту жоспарлануда. Білім саласындағы нысандардың пайдалануға берілуіне байланысты облыста үш ауысымда оқыту мәселесі шешімін тапты. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға қарай 22,6 мың оқушылық орыны бар 18 мектеп салу көзделіп отыр. Облыс әкімі облыс орталығын дамыту жоспарларымен де бөлісті. Көкшетау қаласының 200 жылдығына дайындық мақсатында Қопа көлінің экологиялық және инфрақұрылымдық мәселесі сияқты көптеген өзекті мәселелерді шешу жолдары ескерілген.

Кездесу барысында журналистер денсаулық сақтау саласын дамыту, жылу электр стансасы, құрылыс сапасы, жауапсыз мердігерлер, жастарға арналған тың жобалар, сапалы білім беру мәселелері мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты өзекті сұрақтарды қойып, өзара пікір алмасты. Жиынды қорытындылаған өңір басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ашық пікір  білдіргендері үшін алғысын білдірді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар