Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Көкшетауда мемлекеттік орган басшыларының қабылдауына жазылуға, кез келген бөлімге өтініш жазуға, сондай-ақ кеңестер алуға болатын облыстық Азаматтарды қабылдау орталығы іске қосылды.

Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңейтілген жиында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында берілген тапсырма бойынша жүзеге асырылды. Елордада құрылған Бірыңғай Азаматтарды қабылдау орталығы орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен азаматтар арасындағы тікелей байланыс стандартын орнатуға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе Ақмола облысында кеңейді.

Жаңа орталықта азаматтарды бірінші болып облыс әкімі Марат Ахметжанов қабылдады.

Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылының белсенділері жеке тұрғын үй құрылысының даму жоспарына сарқынды су қоймасын енгізу мәселесі бойынша өңір басшысына жүгінді.

Қосшы тұрғындары ауыз су мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Қала әкімі Ғайдар Қасеновтың айтуынша, Нұра-Есіл кен орнынан тартылатын су құбырының екінші желісін тартудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарлануда.

 

Өтініш білдірген азаматтардың арасында мүгедек бала тәрбиелеп отырған ана Бикен Бөкенова да бар. Облыс орталығының тұрғыны жеке баспанаға мұқтаж. Қала әкімінің айтуы бойынша  Б. Бөкенова 1 млн теңгеге тұрғын үй сертификатын алуға арнайы санатқа кіреді. Көрсетілген сома «Отбасы банкінде» ипотека алу үшін бастапқы жарна болады. Өтініш берушінің жалдамалы тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялау мүмкіндігі де бар.

Облыс әкімі барлық өтініш білдірген тұрғындарды тыңдап, әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, мемлекеттік мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

«Бірде бір сұрақ назардан тыс қалмауы керек. Барлық процедуралар Заң шеңберінде орындалуы қажет», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Атап айтқанда, Орталық кеңес беру, жеке қабылдауларды жүргізу және қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «e-Otinich» жүйесі арқылы сұраныстарды электрондық цифрлық қолтаңбалары тіркелген әртүрлі анықтамаларды беруге болады. Мұнда кестеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық департаменттердің өкілдері азаматтарды қабылдайды. Кесте облыс әкімдігінің және тиісті мемлекеттік органдардың сайттарында орналастырылған.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар