Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әр күні елдің қамымен өтеді - АРҚА АЖАРЫ

Әр күні елдің қамымен өтеді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастар мен әйелдердің мемлекет басқару ісінде үлесі отыз пайыздан төмен болмауы керек деген ұсынысы дұрыс деп есептеймін. Мен қызмет істегеннен бері тапсырылған жұмысты абыроймен орындағанбіраз әйел қауымын білемін.

Олардың қатарына Ақмола облысында бұрынғы облыстык партия комитетінің хатшысы марқұм М.С.Есмағамбетованы Парламент Сенатына екі мәрте депутат болып сайланған С.Ж.Жалмағамбетованы,облыстык білім басқармасын басқарған Г.В.Алексеевнаны, қорғалжындық танымал механизатор Наталья Геллертті. Жақсы ауданын басқарып отырған, таяуда тұрғындар осы қызметке өздері қайтадан таңдап алған A.A.Қадыралинаны, Алексеев (қазіргі Ақкөл) ауданының бұрынғы бірінші хатшысы В.Г.Бородинаны жатқызар едім. Осы апаларының жолын жалғастырып келе жатқан Ақкөл ауданының Наумов ауыл округінің әкімі Зәмзәгүл Кәрімжанқызы Шәріпова 24 жыл мемлекеттік қызметте істеп келеді. Әкімдіктің бас маманынанбастап әкіміне дейін көтерілді. Бұл қызметті тоғыз жылға тарта абыроймен атқарып жатыр. Шындығын айту керек, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын шешіп, жайлы өмір сүруіне көп еңбек сіңіретін ауыл әкімі. Қазіргі ауылдардаөзекті мәселелер ауыз су мен жол.

Соңғы Жолдауында Президент ауылдың инфрақұрылымын жақсартуды Yкiметке қадапайтты.Осыған байланысты әртүрлі бағдарламалар жасалып, жұмыс жүргізілуде. Наумовка ауылдық округінде Өрнек пен Кеміркөлді қосқанда үш елді мекен бар. Бұл елді мекендерде 1220 адам тұрады. Қанша халық болса, сонша шешілмеген мәселелер. Оны кім шешеді? Ол мәселелерді ауыл әкімі өзі шешеді, ал өзі шеше алмайтындарын жоғары жақтың алдына қойып, жоғарыда отырған шенеуіктердің табалдырығын бірнеше рет аттауына тура келеді. Зәмзәгүл Кәрімжанқызы округті басқарғаннан бері Наумовка ауылының барлық көшелері асфальттанды, Өрнек пен Кеміркөл ауылдарының көшелері абаттандырылды. Орталық елді мекен толық жарықтандырылды, екі ауылдың да көшелеріне жартылай электр жарығы орнатылды. Барлық ауылда су құбырлары жөнделді, оныңішінде 290 үй орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Ауыл әкімі онымен қоса, «Хлебороб» ЖШС-імен тығыз байланыста жұмыс істейді. Осы серіктестікті құрғанжәнеоны басқарған В.И.Стихиляс бұрыннан әлеуметтік салаға көмектесуді өзінің парызы санайтын. Бұл серіктестік өте қажет мәселелерді шешуге жылына отыз миллиондай қаржы бөлетін көрінеді. Олардың көмегімен Наумовка мен Кемеркөл ауылдарында соғыстақаза тапқандарға арналған ескерткіштер жаңартылса, Өрнек ауылында жаңа ескерткіш орнатылған. Бюджет пен демеушілік көмектің арқасында мәдениет, білім және деңсаулық мекемелеріжыл сайынжөндеуден өткізіліп, бұл мекемелердің алаңсыз қызмет жасауларына барлық жағдай жасалған. Кең желілі интернетке қосуға да жақсы жағдайлар жасалып жатқан көрінеді.

–Әлі де жоғарыда айтылған мәселелерді одан әрі жақсарту, ауылдарымыздың тұрғындары жайлы өмір сүруіүшін еңбектенеміндеген ойым бар, –дейді ауыләкімі.

З.К.Шәріпова қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Жас кезінен ән салуға құмарлығы бар көрінеді. Ауылдағы мәдени-спорт шараларына белсене араласып, ауыл жастарының зияндыәрекеттер жасамауының алдын алып, олардың пайдалы істермен араласуына көмек жасайтын көрінеді. Өзінің әріптесі А.Г.Франк ауыл әкімі туралы ойын былай сабақтайды:

–Зәмзәгүл Кәрімжанқызы жақсы ұйымдастырушы, халықпен тез тіл  табысады, өзінөте қарапайымұстайды, өз қызметін жеке басына пайдаланбайды, осы қасиеттерінің арқасында тұрғындар арасында беделі өте  жоғары. Сондықтан, соңғы сайлауда халықтың басым көпшілігі, яғни, 83 пайызы бұл кісіге дауыс берді. Алда да осылай болып, жігерлі әкімнің Президентіміздің сайлауалды бағдарламаларын орындауда зор табысқа жете беруіне тілектеспіз.

Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,
Ақкөл ауданыныңқұрметті азаматы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар