Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалық кәсіпкерлер этнотуризмді қалай дамытуда? - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалық кәсіпкерлер этнотуризмді қалай дамытуда?

Шағын және орта бизнес бүгін жаңа даму кезеңіне ойысты. Кәсіпкерлер өз ісін дамытуға тын мүмкіндіктерді іздеп, тұтынушылары секілді этнотуризм саласын таңдайды, себебі, халықтың салт-дәстүрлерімен оларға тән ортада танысу бүгін отандастарымыз арасында жоғары сұраныстарға ие бағыттарының бірі.

Қазақстандық «Байтақ жер» жобасы кәсіпкерлікті дамытатын, жаңа идеяларды қолдайтын және табысты бизнес ашуға септігін тигізетін алаңға айналды. Эко-, этно-, агротуризмнің дамытылуына бағытталған бұл жоба 2022 жылдан бері Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Ақмола облысының аймағында жүзеге асырылады және қазақстандықтар арасында танымал болды. Өткен жылы жобаның алты қатысушысы пайызсыз қарыздарды жеңіп алып, өз жобаларын дамытты. Биыл 73 кәсіпкер жобаға қатысуға ниетін білдірді, олардың 40 адамы оқыту бағдарламасына және қарыздар байқауына қатысуға таңдалды.

Ірімшік жасаудан дәмханаға дейін

Іріктелген кәсіпкерлер арасында Көкшетау қаласының тұрғыны Эльвира Мұқашева 2019 жылы сүзбе дайындауды әуесқой ретінде бастаған. Эльвира бүгінде 20-дан астам жұмсақ ірімшік түрін дайындайды, олардың ішінде буррато, моцарелла, халуми сияқты ірімшік түрлері бар. Жаз кезінде оларға ешкі сүтінен жасалатын сулугуни, фета қосылады.

Жеке меншік сүт фермасына иелік етпейтін Мұқашевтар сенімді өндірушілерден сүт сатып алады. «Байтақ жер» жобасы аясында берілетін қарызды Эльвира өз өнімдерін сертификаттауға,  ісін дәмханаға айналдыруға пайдалануды жөн көреді.

– Осындай сұраныстар тұтынушыларымыздан баяғыдан бері түседі, алайда, идеяны өмірге келтіруге қаражатымыз жеткіліксіз. Жобаға қатысып, жаңа білім жинаумен қатар, өз командамызды құрдым. Енді күйеуіммен, балаларыммен қатар, ісімізді сатушы және технолог дамытып жатыр, – дейді Эльвира.

Басқа оқыту курстарына қатысқан Эльвира ендігі бағдарламаның тәжірибелік пайда мен жеке жұмыстарына негізделетінін айтады. Оның сөзінше, «Байтақ жер» арқасында ол агротуризм жайлы алғашқы білімін жинап, оны туған қаласында дамытпақ.

 Киіз үй өндірісімен айналыспақшы

Экономист білімі бар Целиноград ауданының тұрғыны Алтынай Тәңірберген этнограф мамандығын меңгеруімен қатар, сүт өнімдерін шығару идеясымен жобаға келді.

– Отбасылық кәсіпкерлікпен айналысамыз, өзіміз сүт өнімдерін әзірлейміз. Жұмысымызға екі әйел жәрдемдеседі. Жем бағалары жоғары болғандықтан, қазір табыссыз жұмыс істейміз. Инкубацияның бірінші күні өткен соң ісіміздің табысын санап, киіз үйлер жасауға бет бұрдым, – дейді ол.

Бұл өнермен өткен уақытта айналысқан Алтынайдың сөзінше, қазақстандықтар киіз үйлерді шетелде сатып алады, себебі, жоғары сұранысқа қарамастан, елімізде оны өндірушілер жоқ.

–Этнограф ретінде басқа халықтар жасаған киіз үйлерді өзіміздікіне бейімдеу талпыныстарын көріп отырмын, алайда, бұл жол әр кезде жақсы нәтижелерге әкеледі деп айта алмаймын. Қыркүйекте елордамызда V Халықаралық көшпенділер ойындары өтеді. Қазір іс-шараның жоспары құрылып жатыр, бұл ойындар өткізу аясында киіз үйлерді Отанымызда өндіру өзектілігі жоғарылайды, – деп есептейді Алтынай.

Өткен жылы Алтынай отбасымен бірге Ақмолда көшпенділер тұрағын ұйымдастырып, қонақтарды үй жануарларына дұрыс қарауды үйретіп, аттарға мінгізді. Қазір Тәңірбергеновтердің отбасылық ісі этноауыл, аттар клубы, бөдене фермасынан тұрады.

Спорттық балық аулаудың дәріптеушісі

Ерейментау ауданында тұратын Елдос Оспанов 2001 жылдан бастап Тойған көлін жалға алып, тұқыларды аулау үшін өсірген. Соңғы алты жылдың ішінде өз ісін спорттық балық аулауға бағыттап, көлде әртүрлі жарыстарды ұйымдастырады. 2022-2023 жылдары ҚР спорттық балық аулау Федерациясымен бірлесіп, республикалық карпфишинг чемпионатын өткізді, шілдеде Азия Чемпионатын өткізбек. «Байтақ жер» жобасы аясында өткізілген алғашқы кездесу кәсіпкердің маркетингтік стратегиясын өзгертті.

–Трендте диджитал болу керектігін бірден түсініп, ісім бойынша сайтқа тапсырыс бердім. Интернеттегі парақшамыз арқылы балықшылардан түсетін өтінімдерді жинап алып, сұрақтарына жауап беруді, көл аймақтары бойынша тапсырыстар қабылдауды жоспарлаймын. Басқа идеялар да пайда болды, – дейді 55 жастағы Елдос.

Жоба бойынша қарыз алу кәсіпкерге жоспарларын орындауға септігін тигізіп, балықшылар арасында Бөгенбай батыр белбеуіне жарыс өткізуге, өзге де ісін дамытуға көмектеседі.

«Байтақ жер» жобасының оқыту бөлімінің басшысы Татьяна Хасанованың сөзінше, жобаның І кезеңіне қатысушылармен салыстырғанда бұл жылдың қатысушылары тәжірибеге көп көңіл бөліп, қомақты жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Олардың орташа жасы 46-да, бұл – өмірлік мол тәжірибенің көрсеткіші.

– Биыл инкубация екі бөлімнен тұрады, алайда, негізгі білім мөлшері өзгерілмеген. Бағдарламаның өзгеретін бөліміне қатысушылардан түскен сұраныстары бойынша сарапшыларды шақырамыз. Тәлімгерлердің құрамы да ұлғайып, туризм, экономика, маркетинг салаларында еңбек ететін мамандардан құралады. Шағын топтарға қолдау көрсету арқылы тәлімгерлер қатысушылардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, істерінің қарқынды дамуына септігін тигізеді. 5-7 адамдардан құралған шағын топтардағы жұмыс сонымен қатар, онлайн оқыту кезінде жиналған білімдерді қолдануға, басқа да мәселелерді шешуге көмектеседі, – дейді Татьяна Хасанова.

«Байтақ жер» жобасы қатысушыларының мысалы, ОАЕҚ және «Шеврон» компаниясының бастамасы Үкімет пен қызығушылығы бар азаматтардың тығыз байланыста жұмыс жүргізу нәтижесінде Қазақстанда эко- және этнотуризм саласындағы кәсіпкерлікті жүйелі негізінде дамытуға өз септігін тигізеді. Жоба қатысушылары қаржылық көмекпен қатар, жаңа білімдерді меңгеріп, командасын жинап, өз ісін дамыту арқылы жергілікті қауымдастықтарға пайда әкеліп, нарықтағы ұсыныстардың сан алуандығын ұлғайтады.

«Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты http://baitaqzher.kz/kz ресми сайтынан, сондай-ақ, жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.

Байланыс: Алия Испаева, жоба менеджері aliya@ef-ca.org

Айжан Жансултанова, жоба маманы aizhan@ef-ca.org

Елена Гаркава.

Суреттер мақала кейіпкерлерінің жеке мұрағаттарынан алынған

«Байтақ жер» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірледі.
ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы азаматтардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар