Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыс тиімділігін арттырып, көп мәселенің шешіміне ат  салысып келеміз - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыс тиімділігін арттырып, көп мәселенің шешіміне ат  салысып келеміз

Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі 2022 жылы құрылды. Бірлескен жұмысымыздың алғашқы жылында-ақ, ортақ күш-жігерімізді салып, Қоғамдық кеңестер дамуын кешенді жаңғыртудың жаңа деңгейіне жеткен болатынбыз. Өткен 2023 жыл біз үшін үштұтастықтағы: мемлекет, азаматтық сектор және қоғамдық кеңестердегі бірін-бірі толықтыратын рөлдерді дамыту мақсаттарын қолдау үшін тиімді серіктестік қарым-қатынастардың баға жетпес тәжірибесін әкелді деп сеніммен айтуға болады.

Аталған үш тұтастықтың өзара әрекет жасау процесінде сенім, өзара құрмет және дамудың арқасында ғана облыстық деңгейде Қоғамдық кеңес жұмысының инклюзивті әдісіне жақындауға мүмкіндік пайда болды. Қоғамдық кеңестер туралы Ережеге сәйкес біз ұйымдастыру тәртібін нормативті түрде бекітіп, іс жүргізуде бірізділікті әзірледік, ең бастысы, қаралған нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістерге бастамашылық жасадық, екі жыл ішінде тағы 14 ұсыныс дайындадық.

Біздің кеңес жұмысының ерекшеліктері қарастырылып отырған нормативтік-құқықтық актілердің (НҚА) көптігінде жатыр, мысалы, заңдар мен кодекстердің өзгеруіне байланысты біз көптеген «өтпелі» НҚА-ларды алдық. Мысалы, Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру ережелері туралы құқықтық актіні бірнеше рет пысықтауға қайтардық.

Мәселен, Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі 2023 жылдың он екі айында Төралқамен және тұрақты комиссиялар құрамымен әлеуметтік сипаттағы түрлі мәселелерді қарастыра отырып, 38 отырыс өткізді, онда нормативтік-құқықтық актілердің 48 жобасы қаралды. Сонымен қатар, 5 қоғамдық тыңдау өткізілді және мемлекеттік органдар басшыларының 6 есебі тыңдалды, 7 қоғамдық мониторинг жүргізілді. Ақмола облысының қоғамдық кеңесі 2022 жылы және 2023 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың 33 өтінішіне рұқсат берді. Олардың қанағаттандырылғаны16 өтініш болса, 7-еуі қабылданбады, 8 өтініш бойынша түсініктемелер берілді және 2 өтініш құзыретіне сәйкес қайта қарауға жіберілді.

Мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау сияқты қоғамдық бақылау нысанына жеке тоқталғым келеді. Қоғамдық бақылау шеңберінде осындай форматты құрудың арқасында азаматтық қоғам өкілдері баяндамалар мен есептерді алғашқы болып тыңдауға, оларды талқылауға қатысуға, сұрақтар қоюға, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан тікелей жауаптар алуға мүмкіндік алды. Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі қалыптасқан сәттен бастап, монополист-компанияның жай-күйіне екі рет мониторинг жүргізіп, «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК сияқты стратегиялық маңызды нысан кәсіпорындарының тарифтерін қалыптастыру, сондай-ақ, Ақмола облысының тауар өндірушілерін субсидиялау, үй және үйсіз жануарларды зарарсыздандыру, кастрациялау, алғашқы медициналық көмек көрсету, қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау, ветеринариялық клиникалардың, оқу орындарының қажетіне бюджет қаражатын бөлусияқты проблемалық мәселелерді шешуге қатысты.

Қоғамдық кеңес отырыстарының қорытындысы бойыншабюджет қаражатынаноблыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдауға, жануарларды ұстауға қосымша субсидиялар мен қаражат бөлінгеніназар аударарлық жайт. Қоғамдық кеңес қызметінің «мониторинг» түріне жеке тоқталғым келеді. Ағымдағы жылғы 2 қазанда қабылданған «Қоғамдық бақылау туралы» ҚР Заңының 12-бабының 5-тармағына сәйкес, заң шығарушы мониторинг жүргізу үшін бақылау объектілеріне бару санын белгілеген. Яғни, бір объектіні алты ай ішінде екі рет барып қадағалау, негізінен, дұрыс емес және бақылау объектісі заңды түрде мұндай бақылаудан бас тартуы мүмкін, сондықтан, мониторинг мәселелерінің шеңберін өзгерткен жөн.Осы Заң қабылданғанға дейін Қоғамдық кеңес кең қоғамдық резонансқа ие мәселелер бойынша мониторинг жүргізді.Мәселен, 2023 жылғы 14 қыркүйекте Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі әлеуметтік трагедияның алдын алу және азаматтық қоғамның денсаулықты қорғау қажеттіліктерін қорғау мақсатында М.Ғабдуллин атындағы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясында ағымдағы жылы туберкулезді және ҚР Ұлттық Ұланының 5510 әскери бөлімінде менингококты және энтеровирустық инфекциялар жағдайларды тіркеу бойынша қоғамдық мониторинг жүргізді.Қоғамдық кеңестің іс жүргізуінеАзаматтық қорғау академиясындағы санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу актісі келіп түсті. Курсанттар арасында туберкулез ауруының өршу фактілері болғандығы анықталды.Сонымен қатар, менингококк инфекциясы мен этиологиялық вирустардың пайда болуына байланысты 5510 әскери бөлімінің карантинге жабылу фактісі үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Қазіргі уақытта түпкілікті нәтижелер жоқ, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары әлі процессуалдық шешімдер шығарған жоқ.

«Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК-інде дағдарыстан шығу бойынша атқарылған үлкен жұмысымыз туралы жеке тоқталғым келеді, Қоғамдық кеңестің жұмыс комиссиясы мүшелерінің алғашқы сапары кезінде өткен жылдың желтоқсан айында кредиторлық берешек сомасы 600 миллион теңгеден асқан еді. Біздің араласуымыздан кейін осы мәселе бойынша ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі арнайы жұмыс сапармен келді.

Қазір осының нәтижесінде аурухананың кредиторлық берешегін өтеу үшін бірқатар дағдарысқа қарсы шаралар әзірленді. Мәселен, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»Ұлттық жобасы шеңберінде аурухананы жаңғыртылатын объектілер тізбесіне енгізу жоспарлануда. Нәтижесінде қаржыландыру көлемінің ұлғаюы күтілуде. Бүгінгі таңда ҚР Үкіметінің Қаулысымен аурухананы МЦРБ мәртебесіне ауыстыру мәселесі бойынша өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде келісілуде.Кредиторлық берешектен шығу бойынша әзірленген Жол картасы шеңберінде штат саны мен мемлекеттік сатып алуды оңтайландыру, 50 студентті қабылдай отырып, жоғары медициналық колледж бөлімшесін ашу бойынша жұмыстар жүргізілді, «Viamedis»серіктестігі емханасының басшылығымен күнделікті мониторинг жүргізіледі, жоспарлы емдеуге жатқызуды арттыру бойынша өзара іс-қимыл тетігі пысықталды.

Бұдан басқа, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды қазыналық кәсіпорын мәртебесіне ауыстыру бойынша жұмыс атқарылды, бұл сот органдарының шешімдеріне сәйкес жергілікті бюджеттен өнім берушілер алдындағы берешекті жабуға бюджет қаражатын бөлуге мүмкіндік береді. Шығыстарды қысқарту мақсатында мемлекеттік сатып алу жоспары оңтайландырылды, дәрілік заттарға «СК-Фармацияға» өтінімдер азайтылды.

Қазір Ақмола облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы ретінде аурухананың бүгінгі өзгеру нәтижелері мен материалдық жабдықтармен  қамтылуы Қоғамдық кеңес жұмысының нәтижелерінің бірі деп мақтанышпен айта аламын.

Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі үшін 2023 жыл оңай болған жоқ, Қоғамдық кеңес аясындағы жұмыстың екінші жылында қандай да бір арқаны кеңге салып, ұзақ ойланатын уақыт болмады. Алда шешуді, араласуды, белгілі бір өзекті мәселелерді мониторингілеуді талап ететін мәселелер күтіп тұрды, сондықтан, жоспарланған іс-шаралардан басқа, Ақмола облысының Қоғамдық кеңесінде жедел араласуды, зерделеуді, жауап іздеуді және оларды сәтті шешуді талап ететін мәселелер де болды.

Сондықтан, Қоғамдық кеңестер құру идеясы оның дұрыстығын және оның қатарында қала мен облыстың мәселелері мен проблемаларына бей-жай қарамайтын адамдар болуы керек екенін тағы бір рет дәлелдеп отыр, сондай адамдардың бірін атап өтсек, ол –Мәриям Әбішева. Бұл Қоғамдық кеңес мүшесі мәселелерді мемлекеттік ұйымдар деңгейінде көтереді,«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, қатты тұрмыстық қалдықтар, полигондарға арналған жаңа орындардың қажеттілігі туралы мәселелер қарастырды, қоқыс шығару бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлерді жіті бақылап отырады және жануарлар, жасыл экономикаға қатысты мәселелерді де  назардан тыс қалдырмайды.

Сәуле Құсайынованың азаматтық қырағылығының арқасында Кеңес 5510 әскери бөлімі мен ҚР ТЖМ Азаматтық Қорғау академиясының қабырғасында академияның мерзімді сарбаздары мен курсанттарында туберкулез және менингококк инфекциясы ауруларының алғышарты болып табылатын мониторинг жүргізілді.

Жеңіс Кәрімовтың бастамасымен Көкшетау қаласындағы жол белгілерін ұйымдастыру мәселелері қаралды. Қажетті жол белгісінің орнатылмауы салдарынан күнделікті талай жағдайлар орын алып жатады, сондықтан, бұл қала тіршілігі үшін маңызы зор мәселе. Марат Қойшин астаналық облыс орталығы мәртебесі бар қаламызда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ипподромның қажеттілігі туралы мәселені көтерді.Қосшы халқы өздерінің халық қалаулысы, депутат және Қоғамдық кеңес  мүшесі Ирина Осиповаға ерекше құрметпен қарайды, ол күн-түн демей, демалыс, жұмыс күндері деп санаспай, әр уақытта Қосшы қаласының тұрғындарымен бірге жүреді. Осындай еті тірі, жанашыр адамның көрер жеңістері алда деп ойлаймыз, өйткені Қосшы – жас әрі дамып жатқан, араласуды қажет ететін мәселелері көп қала. Владислав Шуль–бұл адамның әділдікке құштарлығының арқасында Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасының мәселесі тұрған орнынан қозғалып, шешімін тапты. Аурухана қазір жалақы, салық аударымдары бойынша қарыздарынан құтылып,оған қоса,болашақ медицина қызметкерлерін оқытатын, заманауи емдеу мекемесіне айналды.

Сансызбай Сәрсенбаевбелгілі адвокат қана емес, белсенді қоғам қайраткері. Сыни көзқарастары, қысқа да нұсқа ұсыныстарымен қоғам игілігіне жасап жатқан істері мол. Оның және Жеңіс Кәрімовтың белсенді жұмыстарының арқасында Ақмола облысының адвокаттар алқасының қалған өкілдері Қоғамдық кеңес жұмысының бірінші жылында-ақ оларды Қоғамдық кеңестің құрамына қабылдауды сұрап, осылайша қоғамдық сектордың жаңа тетігіне табанды қызығушылық таныта бастады.

Өткен жылы барлығы 33 іс-шара жоспарланған болатын, сол іс-шараның ішінен17 іс-шара Қоғамдық кеңес комиссияларынан келді, бұл жоспарлы іс-шаралардың 56 пайызы. Қалған 16 іс-шара өзара әріптестік туралы меморандумдар жасасу (18-тармақ), есептер беру (33-тармақ), төрағаның есептермен сөз сөйлеуі сияқты ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шараларды және басқа ұқсас сұрақтарды құрайды.

Төрт комиссия бойынша жоспарланған 17 іс-шараның 3-еуі орындалмады, бұл тек 5 пайызды құрайды.Үш іс-шараны орындамау себептерінің бірі, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының Бурабай ауданындағы «Мамандандырылған Щучинск балалар үйі» КММ-ына білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық, денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары және прокурорлық қадағалау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп баруды жүзеге асыру қажеттілігі болып табылады.Мұндай іс-шараны жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық тәртіп мәселелерін шешу қажет, осыған байланысты бұл мәселені 2024 жылға арналған жоспарға енгізу үшін көшіру орынды деп санаймыз.

Тағы бір іс-шараны орындамау себептерінің бірі мемлекеттік білім беру ұйымдарына оқулықтарды жеткізгені үшін сатып алуға бюджет қаражатын пайдалану мәселесі болып табылады, алайда, бұл мәселе өзектілігінің күн тәртібінен түсуі және оқу кітаптары нарығын тұрақтандыру себебінен ағымдағы жұмыс жоспарынан алынып тасталды.

Осылайша, жоспардың орындалуын талдау алдағы 2024 жылға жоспар жасағанда, енгізілген ұсыныстардың санын емес, облыстық орталығының қажеттіліктері мен мәселелерін өзектендіруді ескере отырып, іс-шараларды іске асыру сапасын ескеру қажет екенін көрсетті.

Шағын талдауды аяқтай отырып, азаматтардың мемлекет пен оның органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне сенім деңгейін арттыруды, қоғам мен мемлекет арасындағы әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және шешуді, кері байланысты қамтамасыз етуді реттейтін «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 16-бабы 2-тармағының 3-тармақшасы нормаларына сәйкес ҚК мүшелерінің жеке қабылдауларын практикаға енгізу қажеттілігі туралы ұсыныс енгізу қажет деп санаймыз.

Сонымен қатар, жалпы, Қоғамдық кеңестің қызметін қорытындылай келе, өткен екі жыл ішінде мен Ақмола облысының Қоғамдық кеңесінің анықталған бес негізгі басымдығынатоқталғым келеді. Алдымен, Ақмола облысының Қоғамдық кеңес қызметі біздің өңірдің нақты қажеттіліктеріне назар аудара отырыпкіріктірілген, бейімделгіш құрылым болып табылатындығын баса айтсам деймін. Екіншіден, Қоғамдық кеңес қызметіне көзқарас Төралқа құрамымен алқалы әріптестікті дамытуға бағытталған. Төралқадағы алқалылық – бұл ашықтық, «нетворкинг» және бір-біріне деген сенімге негізделген бәсекелестік сезімінсіз әріптестерді тартудың ерекше тәсілі, бұл өз кезегінде ортақ іске қатыстылықахуалын дамытады. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері өздерін аймақтық деңгейде азаматтық сектордың тұрақты және прогрессивті бөлігі ретінде көрсетеді. Тағы бір ерекше екпін түсіре айта кететін жайт, Ақмола облысының қоғамдық кеңесі Азаматтық қоғам ұйымдарының да, мемлекеттік органдардың да әлеуетін ескеретін теңдестірілген тәсілге ие, яғни, Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі қоғамның барлық топтарымен сенімді әріптестік қарым-қатынас орнатты және диалогқа, шешімдер іздеуге және сындарлы ынтымақтастыққа ықпал ете отырып, Ақмола облысының дамуының жақсы катализаторы ретінде қызмет етеді. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері осы екі жыл ішінде өңір деңгейінде бай жұмыс тәжірибесіне ие болды, кейде қоғамдық бақылау жұмысының форматында стандартты емес тәсілдерді, «мониторинг», «сараптама» сияқты жаңалық элементтерін  пайдалану, кейде жұмыстың екі форматын біріктіру нәтижелерге қол жеткізіп отырды.

Ақмола облысының Қоғамдық кеңесіне облыстық маңызы бар кеңес ретінде әлдеқайда үлкен жүктеме артылғанын атап өткім келеді, ол аудандардың әрбір Қоғамдық кеңесі бойынша тоқсан сайынғы және жыл сайынғы статистикалық есептерді жүргізеді, консультациялық көмек көрсетеді, яғни, әрдайым аудандық кеңестермен байланыста болады.

Қазақстанда қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы кеңестерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау және мониторинг процесіне тартуды көздейді, осыған байланысты Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жұмыс ерекше жандандырылды және екі жылдық жұмыс үшін ұсынымдар бере отырып, 4 бірлескен отырыс өткізілді.

Қазақстан Республикасының Қоғамдық кеңестерін құрудың жаңа моделін құруға және олардың функционалдығын нығайтуға назар аударғым келеді. Қоғамдық кеңес ең алдымен,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қатынастары мәселелерін қарау үшін «негізгі» және жекелеген кейстерді қалыптастыратын үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) бағдарланады, яғни, мәселелер ауқымы өткір әлеуметтік мәселелерден бастап баға саясаты мен тарифтерді, тамақ өнімдерін белгілеуге дейін және тағы басқа сұрақтарды қамтиды.

Қоғамдық кеңестің сапалық құрамы 70 пайызға азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады, яғни, барлық реформалар мен бастамаларды заңнамалық деңгейде талқылау арқылы қоғамдық кеңестердің функционалдығын күшейтуге қоғамдастықтың барлық кластерлері қатысады.

Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі барлық диалогтық алаңдарда ұсыныстар мен ұсынымдарды талқылауға, сондай-ақ, барлық ұлттық (мемлекеттік) жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасуға және оларды қазіргі қоғамда іске асыру жолдарын іздеуге әрқашан дайын.

Осы орайда, Ұлы Абайдың «Адамның ұлылығы  өзі үшін емес, басқалар үшін не істейтінімен анықталады» деген сөзімен ойымызды қорытындыласақ, ағымдағы жылы да алға қойған мақсаттарымыз көп. Оларды да ойдағыдай жүзеге асырып, ел мүддесі жолында аянбай еңбек етуді өзіміздің басты азаматтық парызымыз деп білеміз.

 Ермек НҰҒЫМАНОВ,
Ақмола облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар