Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастарға жұмыс бар, тек қана құлшыныс керек - АРҚА АЖАРЫ

Жастарға жұмыс бар, тек қана құлшыныс керек

Облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» «НОВОПЭК» компаниясының базасында оқу бітірген жас мамандарға және студент жастарға арнап бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.   Шараға Көкшетау жоғары «Арна» және қазақ-гуманитарлық колледждерінің  3 курс студенттері, жұмыс іздеуші жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

Халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы мен әл-ауқаты әр адамның жеке еңбегіне байланысты екені даусыз. Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту үшін Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жастар ресурстық орталығы тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізіп тұрады. Бұл болашақ мамандарға күні ертең жұмысқа тұруға жақсы мүмкіндік береді.  Шараның басты мақсаты да осы – жастарды жұмысқа орналастыру, өндірістегі жұмысты көрсету,  сондай-ақ, мансаптық мүмкіндіктер жөнінде ақпарат беру.

Кезекті жәрмеңкеде «НОВОПЕК» серіктестігінің қап контейнерлері мен үлкен сөмкелер шығаратын кәсіпорнының қызметкерлері келушілерге бос жұмыс орындарын ұсынды. Кадрлар бөлімінің басшысы Гүлмира Мұқанова компанияның құрылғанына 20 жыл болғанын және кәсіпорын Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі саласында көшбасшы болып табылатынын және ТМД елдеріндегі салалас ең ірі үш кәсіпорынның қатарына кіретінін айтты.

−Жыл сайын өткізілетін бүгінгі шарада әрбір қатысушы таңдаған мамандығы бойынша толық ақпарат алып, сұрақтар қойып, жұмысқа орналасу жолында алға қадам баса алды деп ойлаймын.  Жәрмеңке жұмысшы мен жұмыс беруші арасында тікелей байланыс орнату арқылы студенттердің жұмысқа орналасуына ықпал етеді. Мұндай бастамалар жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетеді, – деп атап өтті Гүлмира Мұқанова.

Студенттер ақпарат алғаннан кейін «НОВОПЭК» серіктестігінің қызметкерлері оларға кәсіпорын қабаттарына арнайы экскурсия ұйымдастырды. Тігін өндірісінің операторлары, технологиялық қызмет көрсетушілер, механиктер, сапа бақылаушылары, есепшілер, экструзия және ламинация мамандары өз мамандықтары туралы жан-жақты баяндап, өндіріс ырғағымен таныстырды.

Ақмола облысы жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Әсия Зәкенай бұл бос жұмыс орындары жәрмеңкесі форматында алғашқы іс-шара емес екендігін және мұндай кездесулердің  облыс жастарына қажетті ақпарат алып, болашақта өз жолын таңдауға жақсы мүмкіндік болатынын атап өтті.

−Мұндай шаралар қаламыздың ірі мекемелерінде әр тоқсан сайын ұйымдастырылады.  Бүгінде жастар бос жұмыс орындарымен танысты. Біз олардың қызығушылығын көріп отырмыз, өйткені, нақты сұрақтар қойып жатыр. Біздің міндетіміз – түлектерді жұмыспен қамту, сонымен қатар, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту. Ақмола облысында жұмыспен қамтудың және жастардың бастамаларын қолдаудың тиісті тетіктері құрылғанын айта кеткен жөн.  Жастар өздерінің мақсаттарына  бір қадам ілгері басқандары анық, – деп атап өтті Әсия Зәкенай.

Сондай-ақ, 3-курс студенті, болашақ электромеханик Ғали Нұрхан жастарға алғашқы кезден бастап қала кәсіпорындарымен танысу, жұмыс берушілердің талаптарын білу, оқуды аяқтағанша нақты білім алу маңызды екеніне сенімді.

−Біз кәсіпорынға, технологиялық процеске тікелей назар аударуымыз керек деп ойлаймын. Бұл жастар үшін өте маңызды. Көпшілігі оқуын бітіріп, әрі қарай қайда бару, жұмысты неден бастау керектігін түсінбейді. Бүгін бізге барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп, өндірісті көрсетті. Мұндай бастама жұмыссыз жүрген жастарға үлкен мүмкіндік, −дейді Ғали Нұрхан.

Іс-шара соңында «НОВОПЭК» компаниясының өкілдерімен және осы жәрмеңкеге қатысушылармен дөңгелек үстел өткізіліп, болашақ мамандарды одан әрі жұмысқа орналастыруға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Студенттер мен дипломы бар адамдар компанияда алғашқы жұмыс кәсібін игеру туралы ойланғаны жөн. Себебі, бүгінде Үкімет тарапынан өндіріс саласындағы қызметкерлерге лайықты жалақы төлеу мен қалыпты еңбек жағдайларын жасау бойынша тиісті жұмыс жүргізілуде. Бұл мемлекетіміздің басым басымдықтарының бірі болып табылады.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар