Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда сүндеттеген соң көз жұмған бала: Министрлік жоспардан тыс тексеру жүргізеді - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда сүндеттеген соң көз жұмған бала: Министрлік жоспардан тыс тексеру жүргізеді

– Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында Көкшетауда сүндеттелгеннен кейін қайтыс болған баланың ісі қалай жүріп жатқаны туралы мәлімет берді.

«2024 жылдың 5 ақпанында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне Көкшетау қаласы полиция басқармасынан хабар түсті. Ол хабарда Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасында кәмелетке толмаған баланың сүндеттелгеннен кейін кенет қайтыс болғаны айтылған» делінген жауапта.

Ведомствоның дерегінше, қазіргі таңда осы оқиға негізінде сот-медициналық сараптама жүріп жатыр. Соның қорытындысы бойынша аталмыш департамент жоспардан тыс тексеру бастамақ.

«Тексеру қорытындысы бойынша заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады», — дейді ведомстводан.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар