Еліміз 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Қай аймақтарға сағат тілін өзгерту қажет болады?
Бұл үшін «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет Қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап, елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 Қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа шегерілуі керек, – деп атап көрсетілген хабарламада
«Арқа ажарының» өз ақпараты.