Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Суды үнемдеп пайдалану қажеттілігі туындап отыр - АРҚА АЖАРЫ

Суды үнемдеп пайдалану қажеттілігі туындап отыр

Су жер бетіндегі тіршіліктің ең маңызды көздерінің бірі екені белгілі. Өмірдің өзі де, адамның барлық шаруашылық қызметі де су ресурстарын пайдаланумен тығыз байланысты. Су ресурстарының жай-күйі көрсеткіштерінің бірі әртүрлі елдер мен аймақтарда өзіндік ерекшеліктері бар судың қолжетімділік көрсеткіші болып табылады. 

Қазіргі уақытта  әлемнің көптеген аймақтарында тұщы су тапшылығы байқалуда. Сондай-ақ, су қоймаларының улы заттармен және қарапайым қоқыспен ластануы да көптеп кездеседі.  Осыған орай, су тапшылығынан шығудың басты жолы – су ресурстарын ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің қағидаттарының бірі тұрақты даму қағидасы болып табылады. Табиғат және оның ресурстары Қазақстан Республикасының байлығын құрайды. Мемлекет қазіргі және келешек ұрпақ мүддесі үшін табиғи ресурстарды теңгерімді және ұтымды басқаруды қамтамасыз етуі тиіс. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде табиғи экологиялық жүйелерді сақтауға және олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, суды үнемдеуге, энергияны үнемдеуге және энергия тиімділігін арттыруға, қайта қалпына келмейтін энергия мен шикізатты тұтынуды азайтуға, жаңартылатын энергия көздерін  пайдалану және қалдықтардың түзілуін азайту, сондай-ақ, оларды қайталама ресурстар ретінде пайдалануға басымдық беріледі. Су ресурстарын ұтымды пайдаланудың маңызды бағыты дәстүрлі емес су ресурстарын пайдалану болуы тиіс. Оларға суды қайта пайдалану, өнеркәсіптік сумен жабдықтау үшін ағынды суларды пайдалану, шахталар және карьерлердің  сулары жатады.

Кодекстiң 222-бабының талаптарына сәйкес I және  II санаттағы объектiлердiң операторлары су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында суды қайта пайдалану және кәдеге жарату, сумен жабдықтау жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға мiндеттi. Қазіргі таңда су айналымы жүйесін енгізген ірі кәсіпорындардың бірі – «Алтынтау Көкшетау»  мен «RG Gold» серіктестіктері.  Ағынды суларды қайта пайдалану – бұл ағынды суларды басқа мақсаттарда қайта пайдалануға болатын суға айналдыру процесі. Суды қайта пайдалану техникалық мақсатта пайдаланылатын суды тұтынуды айтарлықтай азайтады.

Сонымен, жаһанданудың күшеюімен су тапшылығы шындыққа айналып, суды қайта пайдалану қажеттілікке айналуда.Бүгінгі таңда су мәселесін шешу еліміздегі басты басым міндеттердің бірі болып отыр. Ол үшін қолда бар барлық күштер мен құралдар қолданылуы тиіс.  Егер алдағы уақытта су мәселесі   шешілмесе, бұл еліміздің экологиялық жағдайына зиян келтіріп, үлкен апатты салдарға әкелуі мүмкін.

Айнұр БАЖЫРОВ,
 Ақмола облысы экология департаментінің
экологиялық реттеу бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар