Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ өнері үшін туған тұлға - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ өнері үшін туған тұлға

Қазақстанның халық әртісі, этнограф, музыка зерттеушісі, композитор Александр Затаевич 1869 жылы Ресейдің Орел облысында дүниеге келген.

Ол алғашқы музыкалық білімін сол Орел қаласындағы әскери гимназиядан алған. Біраз жыл бойы Варшава консерваториясы жанынан шығатын «Варшава күнделігі» аталатын газетте музыка рецензенті қызметін атқарып, орыс, батыс классиктерінің шығармаларын, сондай-ақ, халық музыкасын насихаттаумен айналысқан. Алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 1920 жылдың басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А.Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұралардың үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. Ол жатақханаларды, мектептерді, құрылыстарды, орта дәрежелі оқу орындарын, казармаларды аралайды, съезге, конференцияға, кеңестерге келген қазақтардан ән жазады. Базар, театр, концерт орындарының фойелерінде кездескендердің бәрінен де жазып алады. Бала жасынан кіршіксіз еститін құлағы жасы 50-ден асқанша қазақ ұлтының музыкасын жаза баспай, нотаға түсіруге мүмкіндік береді.

Бірақ, өмірін музыкаға бағыштаған А.В.Затаевич әнді қалада отырып тек кездейсоқ келгендерден жазып отыруды жөн көрмей, елге шығады, Жайықтың бойын, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы далаларын аралайды. Замандар бойы жабылып жатқан қазақтың ән қазынасын көтереді. Қазақтың көл-көсір мұрасын жинақтауды өзіне парыз санаған жан ұлты басқа болса да, жер орта жасқа келгеніне қарамастан, 1920 жылы қиын-қысталаң кездерде кездескен көлік атаулымен, болмаса, жаяу-жалпы аралап, халқымыздың ән-күйлерін музыка белгілерімен (нотамен) хатқа түсірген.

Одан ертеректе 1896 жылы Затаевич өзінің пьесаларына қызығушылық танытып, олардың жарыққа шығуына үлес қосқан композитор С.В.Рахманиновпен кездесті. Рахманинов Затаевичке «Алты музыкалық сәт» атты фортепиано циклін де арнады. 1904-1915 жылдары Затаевич Варшавада қызмет етіп, музыкалық және қоғамдық қызметте де белсенді болды. Ол «Варшава күнделігі» газетінің музыка сыншысы болды, онда ол поляк, орыс және батыс еуропалық композиторлар мен орындаушылардың шығармашылығы туралы мыңнан астам мақалалар мен шолулар жариялады, сонымен қатар, поляк фольклорының үлгілерін жазды. Варшава консерваториясы кеңесінің мүшесі болды.

Халықтық кәсіби әнші-күйшілерінің шығармашылық қызметін, олардың орындаушылық шеберліктерінің сырын ашып, өте құнды мағлұматтар жинады. Ақан сері, Біржан сал, АбайЖаяу МұсаҮкілі  Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет, тағы басқа музыка қайраткерлеріміздің шығармаларын алғаш рет Затаевич жарыққа шығарды. Сөйтіп, ұлттық дәстүрлерді сақтаушылар мен дамытушылар жайында қайталанбас деректер жазып қалдырды. Этнографтың «Қазақ халқының 1000 әні» (1-баспа, 1925 ж., 2-баспа, 1963 ж.), «Қазақтың 500 ән-күйі» (1931), «Песни разных народов» (1971), жарияланбаған «Қазақ музыкасының 3-томы» деп аталатын жинақтарында қазақ халқының классикалық ән-күйлерінің үлгілері мол орын алған. Затаевичтің еңбектері арқылы қазақ музыкасы дүние жүзіне тарады, бүкіл Еуропа елдеріне жетті, алдыңғы қатарлы өнер иелерінен жоғары баға алды. Мұнда қазақ музыкасының көптеген теориялық және тарихи мәселелерінің беті ашылды. Затаевичтің әрбір ән-күйге берген жеке талдауларының мәні зор. Халық композиторлары мен орындаушыларының шығармаларына берген мінездемелері де әлі өз бағасын жоғалтқан жоқ. Затаевич жинақтары қазақ халқының кәсіби музыкасының дамуына зор ықпал етті. Аталған жинақтардағы ән мен күйлер қазақтың кәсіби музыкалық жанрлары – опералық, симфониялық, камералық шығармаларында кеңінен пайдаланылды. Осы жинақтардағы ән-күйлерді қазақ композиторларымен бірге С.С.Прокофьев, Н.Я.Мясковский, М.М.Ипполитов-Иванов сынды орыс композиторлары да өз шығармаларында пайдаланды.

Композитор ретінде Затаевич қазақ музыкасының кейбір үлгілеріне фортепиано, аспапты ансамбльдермен қосылып айту үшін көптеген өңдеу жұмыстарын жүргізді. Затаевичтің “Қазақ музыкасы” атты фортепиянолық шығармасы кәсіби дәрежеде жазылған туынды. Ол 1925-1927 жылдары фортепиянолық пьесалар циклін жазды. Соның нәтижесінде «Халық тақырыбына жазылған миниатюралары» (1925), «Қазақтың халық әндері тақырыбы бойынша фортепианоға арналған пьесалары» (1927) жарық көрді. Қазақ халқының музыка мұрасын сақтап келген 500-ге жуық өнерпаздар Майра Шамсудинова, Әміре Қашаубаев, Ғ.Айтбаев, Қ.Байжанов, М.Бөкейханов пен Н.Бөкейханов, Ғ.Мұхитов пен Ш.Мұхитов, ғылым қайраткерлері Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаев, М.Бөжеев, әдебиет және өнер қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, Ж.Шанин, тағы басқалары өздері білетін ән, күйлерді Затаевичке айтып, жаздырды. Затаевич Қазақтың фольклорының жиналу дәстүрін қалыптастырып, оны одан әрі жалғастыруда А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Б.Ерзакович, М.Төлебаев, Л.Хамиди және басқалардың еңбектері орасан зор.

Сөйтіп, 1920 жылдың көктемінен бастап 1923 жылдың аяғына дейін, нағыз аш-жалаңаш кезде жол қиындықтарына да қарамай, А.Затаевич қазақтың 1000 әнін жинап, нотаға түсіреді.

Оның  Мәскеуде 1925 жылы «Қазақ халқының 100 әні» және 1933 жылы «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты этнографиялық жинақтары шықты. А.Затаевич 1936 жылы Мәскеу қаласында дүние салған. Оның жарқын бейнесі, оның қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі, ірі тұлғасына деген құрмет ұлғайған үстіне ұлғая бермек, есімі де ешқашан ұмытылмақ емес.

Интернеттен ықшамдап дайындаған Асылай Қадырқызы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар