Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолада туризм саласында бизнесті қолдау бойынша мембағдарлама сәтті жүзеге асырылуда - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолада туризм саласында бизнесті қолдау бойынша мембағдарлама сәтті жүзеге асырылуда

— Ақмола облысында туризм саласында бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатыр.

Ақмола облысының табиғаты туризмді дамытуға өте қолайлы. Оған үкімет тарапынан қолдау көрсетілуде. Өңірдегі туризм саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін мемлекеттік субсидия есебінен жабуда. Соңғы екі жыл ішінде осы бағыттағы 17 кәсіпкер жалпы сомасы 119,7 миллион теңге құрайтын мемлекеттік қолдау шараларына ие болды.

туризм
Фото: Kazinform/Аслан Оспанов

«2022 жылдың 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары күшіне енді. 2022 жылы 14,6 миллион теңгеге 5 өтінім қолдау тапса, өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 10 өтінімге артып, субсидия көлемі 105,1 миллион теңгені құрады. Кәсіпкерлер үшін туризм саласында бизнесті дамытуда мемлекеттік қолдаудың пайдасы өте зор», — деп атап өтті журналистерге ұйымдастырылған баспасөз туры барысында Ақмола облысы туризм басқармасының баспасөз хатшысы Аяжан Омар.

Соның игілігін көріп отырғандардың бірі, Көкшетау қаласында қонақ үй және мейрамхана қызметін ұсынатын «Бексұлтанов К.Н» жеке кәсіпкерлігі.

туризм
Фото: Kazinform/Аслан Оспанов

«Екі жыл ішінде жалпы сомасы 82,5 млн теңгеге «Volkswagen Crafter» шағын автобусы және «Yutong» автобусын сатып алсақ, оның 25 пайызы субсидия есебінен өтелді. Бұл біз үшін үлкен қолдау», — дейді жеке кәсіпкер Көгершін Бексұлтанова.

Сонымен бірге, «Forest Camp» отелі және «Discovery Borovoe» демалыс орталығы да мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр.

туризм
Фото: Kazinform/Аслан Оспанов

Бурабай ауданындағы «Орленок» ЖШС-нің басшылығы «Discovery Borovoe» сауықтыру және ойын-сауық орталығында хоккей корты мен бассейні бар жазғы террассаны салу кезінде шығындардың бір бөлігін өтеуге өтініш берген.

«Нысанның құрылысына 165,4 млн теңге қаржы жұмсасақ, оның 16,5 млн теңгеден астамы субсидия ретінде өтелді», — дейді «Орленок» ЖШС-гі директорының орынбасары, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Павел Безвербный.

туризм
Фото: Kazinform/Аслан Оспанов

Оның айтуынша, туризм — бұл өңір экономикасының қарқынды дамып келе жатқан маңызды бір саласы. Щучье-Бурабай курорты еліміздегі туристік әлеуеті зор аймақ саналады. Қатаркөл кентіндегі «Discovery Borovoe» сауықтыру және ойын-сауық орталығында отбасылық демалыс үшін барлық жағдай жасалған. Осылайша, мемлекеттік қолдаудың арқасында орталық туристер мен демалушыларға көрсетілетін қызмет түрлерін айтарлықтай кеңейтуде. Оған қоса, орталықтың жұмысын 150-ге жуық адам қамтамасыз етеді, олардың көпшілігі басқа өңірлерден келгендер.

туризм
Фото: Kazinform/Аслан Оспанов

Өңірде демалыс аймақтарының пайда болуы, туристерді тартуда үлкен үлес қосады. Осыдан бірер жыл бұрын Біржан сал ауданындағы Жүкей қөлінің жағасында ашылған «Орман және жұлдыз» демалыс аймағы соның бір айғағы іспеттес. Орталық мемлекеттік қолдаудың арқасында туристік қызмет көрсету сапасын арттыруда.

туризм
Фото: Kazinform/Аслан Оспанов

Айта кетсек, бұдан бұрын қысқы Бурабай теңдессіз әсем табиғатымен көз тартатынын жазған едік.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар