Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгін – Амал мерекесі: Кім кімге көрісу керек - АРҚА АЖАРЫ

Бүгін – Амал мерекесі: Кім кімге көрісу керек

– Бүгін – наурызнаманың бастауы болып есептелетін Амал мерекесі. Kazinform Амал күнінде кім кімге барып көрісуі керек екені туралы мәлімет ұсынады.

Елімізде Ұлыс мерекесін жаңа форматта тойлау үшін 14-23 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі деп жарияланды. Осы Наурызнаманың алғашқы күні батыс өңірлерде сақталып қалған, жылдан-жылға аясы кеңейіп келе жатқан Амал күніне дөп келді.

Амал күні неге дәл 14 наурызда тойланады? Бұл сұраққа маңғыстаулық өлкетанушы Алқажан Еділханның берген жауабы қисынды сияқты.

«Жалпы Амал мерекесін кезіндегі ел көсемдері қазақ жазирасында бытырай қоныстанған халықтың ынтымағын сетінетпей, бірлігін мызғытпай ұстап түру үшін айналымға енгізсе керек. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің амандығын біліп, бір-біріне қарайласып тұру үшін көрісу ғұрпы пайда болған. Осы істің басындағы тұлғалар көрісетін күн қай мезгіл болу керек деген мәселеге келгенде көктемнің басы, жер-әлем қайта түлеген шақ болу керек деп шешкенге ұқсайды. Ескіше жыл санауда көктемнің басы ай жаңарған кезге сәйкес келеді. Кейін Ресей патшалығының қарамағында болған кезде Грегориан күнтізбесін қабылдадық. Ол күнтізбе бойынша көктем туып, ай жаңаратын күн 14 наурызға дөп келді. Амал мерекесінің қазір 14 наурызда тойланатыны содан», — дейді этнограф.

Өлкетанушы Амал мерекесіндегі көрісу рәсімінің атауы республиканың кейбір өңірлерінде кісі өлімімен байланысты ғұрыпты еске салатынын исламның тыйымдарымен байланыстырады.

«Қазақтың өлген адамды дауыстап жоқтауы исламға дейін қалыптасқан ғұрып болып есептеледі. Ислам келген соң бұл ғұрыпқа шектеу, қысым болды. Жоқтау ұғымының көрісу деп аталып кетуі осымен байланысты болса керек», — дейді ғалым.

Сонымен Амал күнінде кім кімге көрісу керек?

«Жасы кіші жасы үлкенге барып көріседі. Келін өзінен үлкен абысынға, енесіне барып көріседі. Жиен нағашысына барып көріседі. Қыз алған құда өзінен жасы кіші болса да көбінесе қыз берген құдасына барып көріскен. Ұзатылған қыздың жат жұрттағы бірінші наурызына төркін жағы барып көріседі. Көршімен көрісу міндетті. Күні кеше ғана бірге мал қораласаң да, жыл жаңарған күні көрісуің міндет. Себебі жаңа күн туды, наурыз туды.

Амал мерекесін айналымға енгізген көсемдер күніне бір рет амандасуды, жылына бір рет көрісуді аманаттап кеткен. Міндетті түрде қол алысу керек. Қос қолдап амандасқанның жөні тіптен ерек. Аналарымыз алмакезек қол айқастырып, төс қағысып жататыныны әлі күнге дейін көз алдымызда. Ол көрініс айдындағы аққулардың қауышқанындай әсерлі», — дейді Алқажан Еділхан.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар