Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мереке алдындағы ауыл - АРҚА АЖАРЫ

Мереке алдындағы ауыл

Ел Президенті халықпен жиі кездесіп, ашық әңгіме өткізіп, сол жерге қажет мәселелерді шешуге ат салысу керектігін жиі айтып жүр. Қазір байқауымызша астаналық жоғары лауазымды қызметкерлер облыстарға шығып, шет аймақтардағы тұрғындармен кездесу өткізуде. Әрине, олар бәрін қамти алмайды, жергілікті жердегі басшыларда өздері болмаған ауылдардың тұрғындарымен кездесіп, халыққа жағдай жасаудың жолдарын қарастырулары қажет.

Таяуда сондай  кездесудің куәсі болдым. Амангелді ауылының тұрғыны, қадірлі ұстаз, беделді азамат Қуандық Әшімовтың дүниеден өткеніне бес жыл болды, тірі болса 80 жасқа толып отырар еді. Аналары Сақан Дәулетбекқызының қайтқанына да 20 жылға тақап қалды. Ұрпақтары осы  кісілерге арнап ас беріп, құран бағыштатты. Бір баласы аудан көлемінде басшылық қызметте еді. Соның шакыруымен біраз аудан қызметкерлері қатысты. Осы жиынды пайдаланып, ас ішіліп, құран бағышталғаннан кейін жылы мешіттің ішінде 80-дей адамның қатысуымен ауылымыздың келешегі қандай, қандай мәселелер шешімін таппай отыр, – деген мағынада сөз қозғалды.

Бірінші сұрақты Сәуле Оразова қойды: жайылым жер жоқ. Халық мал ұстағысы келеді, ауылдың іргесіне дейін егін сеуіп тастаған. Одан кейін сөзалған қандас Әсетхан Ораз бізді ресми тілді білмейсіңдеп жанымыздағы психоневрологиялық мекеме жұмысқа алмайды деді. Астанадан келген жерлесіміз Рамазан Сәбдіұлы оңтүстіктен қоныс аударатындарды осында орналастыруға болады деп он екі үй бос тұрғандығын тілге тиек етті. Біраз тұрғындар мектептің келешегі нашар екендігін, бүгінгі күні онда 27 ғана бала оқитындығын алға тартты. Тағы басқа мәселелер көтерілді.

Осы қойылған сұрақтарға келген лауазымды қызметкерлер тұщымды жауап беруге тырысты. Ауыл әкімі Ғизат Боранбаев биыл ауыз су  жүргізілетіні, көпірдің құжаттарының дайындалып жатқандығы, ауыл жолдарын жөнделетіндігінен хабардар етті. Аудандық білім саласының басшысы Келешек Қуандықұлы мектеп биыл жабылмайды, бірақ келешегі өте нашар, алдағы оқу жылында Құрылыс пен Рамадан ауылдарында мектептердің жабылатындығын айта отырып, осылай жалғаса берсе біздің ауылдың мектебіде жоғарыдағылардың күйін кешуі мүмкін екендігін алға тартты. Әңгімеміздің соңына қарай аудан әкімнің орынбасары Саят Ахметжанов тұрғындардың қойған сұрақтарынақарапайым тілмен түсіндіріп, жауап берді.

Жерлесіміз, аудандық мәслихаттың депутаты Сағындық Абаханов, Степногорскіден келген, бұрынғы мектеп директоры Серік Жұмабаев астаналық Мұрат Көсенбаев және осы жолдардың авторы бізге бұл мәселелерді ешкім келіп шешпейтіндігін, ауылымыз толыққанды өмір сүрсін десек, өзіміз белсенді көмегімізді жасап, Үкіметтің де көмегін ала отырып, қайда жүрсекте кіндік қанымыз тамған ауылымыздың келешегін ойымызда ұстауымыз және көмектесуіміз керектігін дұрыс айттық қой деген ойдамын.

Той десе қу бас домалайды, дұғадан қалуға болмайды деген қағидамен осындай шараларға жан-жақтан халық көп жиналады. Жергілікті басшылар бұл жиындарды жиі пайдаланып, халықтың сұрақтарына жауап беріп, оларға қажет Үкімет шешімдерін түсіндіруге тырысу қажет. Сонда олардың Мемлекет басшысына, Парламент пен Үкіметке сенімдері артып, екі жақты байланыс жақсара түсетіні сөзсіз.

Наурыз мерекесі алдында болған бұл әңгіме лайым жақсылықтарға бастап, ауыл еңсесі мен мәдениеті көтеріле түссе деген көкейде жақсы ниетіміз бар.

 Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,
Ақкөл ауданының құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар