Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ең басты қағида, қателіктен сабақ алу болса керек - АРҚА АЖАРЫ

Ең басты қағида, қателіктен сабақ алу болса керек

Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №6 республикалық мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушылармен «Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі» атты кездесу өткізілді.

Шара Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Серғалиевтің бастамасымен және облыстық ішкі саясат басқармасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолдауымен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде ұйымдастырылды. «Достар» мәдениет үйінде өткізілген шарағаоблыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, Көкшетау қалалықмәслихатының депутаттары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан «Т» есімді  ер адам мен Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша алаяқтық жасағаны үшін сотталған «Ж» есімдіазаматшадан сұхбат алудан бастау алды. Олардың әрқайсысы өзінің өмірбаяндары мен өкінішін айтып, қалайша осындай жолға түскені жайында баяндап,темір тордың қиындығы, бұл өмірде бостандықтан артық еш нәрсе жоқ екеніжөнінде сөз қозғап, шын ниеттерімен жастарды қателіктер жасамауға шақырып, бастарынан кешкен қиыншылықтарды ешкімге бермесін деп тіледі.

– Туған жерім Қызылорда облысы. Мектеп бітірген соң жоғары оқу орнына түстім. Студент болдым. Шет тілі факультетініңағылшын тілі мамандығына 3-інші курста оқып жүріп, әскерге кетіп қалдым. Әскерден келдім. Жастық шақ, тентектеу болдым. Ішімдік ішетінмін. Албырттық пен қызулық бар. Жұмыс істедім. Бастығым еңбек ақымды бермей, көп ақша қарыз болды. Бір-екі рет беруін ескерттім. Болмаған соң, ұрлық жасадым. Бейне бақылау камерасы арқылы қолға түстім. Менің ол кездегі ойым, оның жасағанын өз алдына келтіру еді. Өкініштісі сол ақшаны талап етудің одан да басқа жолдары барын темір торға түскен соң ойладым, – деді сотталушы «Т» есімді азамат.

Бүгінде 5 жыл жазасын өткерген бұл азаматтың бостандыққа шыққан соң бар мақсаты, туған-туысқандарының бастарын қосу, ренжіткен адамдарынан кешірім сұрап, татуласу екен. Және де темір тордың әр жағында отырса да ол, қазақтың тілін ойлайтынын сөз етті. «Біздегі менталитет, көбінесе орысша. Көкшетауға шет елден қазақша үйреніп келіп, қазақтардан орысша жауап алып, ренішін білдірген азамат туралы 2021 жылы газеттен оқыған едім. Бұл жерде жаман атақ облысымызға ғана емес, күллі қазақ еліне тиеді. Қазақстанда қазақша сөйлемейді деп айтады. Сондықтан, университет, колледжде немесе ертең жұмысістейтін мекемелеріңізде болсын, қазақша сөйлеп, ана тіліміздің мәртебесін көтеріп жүрулеріңізді сұраймын, – деп ол көрермендер алдында сөзін аяқтады. Осы сәтте, темір тордағы қылмыскер болса да, ана тілінің намысын ойлаған азаматымызға жиналғандар үлкен қошемет көрсетті. Бұл бостандықта жүрсе де, туған тілінде сөйлемей, кері тартып жүрген кей қазақтарға сын, сабақ дегіміз келеді.

Ал, сотталушы «Ж» есімді әйелдің тәлейлі тағдыры, аянышты десек, өтірік болмайды. Түрмеге түсерден бұрын бақытты да ауқатты тұрмыс кешіп, 4 баланың анасы болған екен. Отбасындағы 10 баланың тоғызыншысы болып, анасының мәпелеуінде ерке өскен ол тұрмысқа шыққаннан кейін Астанаға қоныс аударып, дүниенің соңына түседі.

– Жарқайың ауданының тумасымын. Қостанай облысының Рудный қаласындағы оқу орнына қазақ тілі мен әдебиетімұғалімі мамандығына оқуға түсіп, студент болдым. Оқуымды жақсы аяқтап, тұрмысқа шықтым. Күйеуім бір үйдің жалғыз ұлы еді. Менде оған еріп, Астанаға кеттім. Сауданың жолымен ақша таптым. Ақша деген адамды адастырады екен. Барды қанағат етпей, адамдардың азғыруымен көп ақша табудың жолына түстім. Ең соңында сол адамдардан жалғыз қалып, алты жылға сотталдым, – деп сотталушы азаматша, көз жасы бетін жуып, өткен өмірі мен өкінішін баяндап берді. Оған қосыла,залдан көзіне жас алған студент қыздар мен әйеладамдар да байқалды. Өкінішке орай, сотталушының 4 жылдан бері балаларымен байланысы үзілген. Себебі, түрмеге түскен екі жылдан кейінкүйеуі өзге әйелмен отбасын құрған. Содан бері бауыр еті балаларында жібермейтін болған. «Ең ауыры маған сол болды. Содан кейін бір жыл он күн аяғымнан жүре алмай қалдым. Түрмедегі жаза қатты. Бұл жерде біреу-біреуге қарамайды. Мен де қаншама зардабын көрдім. Бостандыққа ештеңе жетпейді. Ең бастысы, балаларыңкөзалдыңда, бауырыңа қысып құшақтап, сүйе аласың. Бүгін сіздердің алдарыңызға соны айту үшін де келіп тұрмын. Мен адастым, енді жастар, сіздер адаспаңыздар. Дұрыс жолды таңдай біліңіздер, өтінемін, – деген жазасын өтеуші бұл жанның жүрекжарды сөзі жиылған талай жастың санасына жетіп, терең ой салды деген үмітіміз бар. Берілген мәліметтерге сүйенсек, бостандыққа шығу үшін ер адамға әлі бірнеше жыл бары, ал, әйел адамның биыл соңғы жылын өтеп жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ, шара барысында осы адамдар жазасын өтеп жатқан Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №6 республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы, подполковник Дарқан Мырзабеков те сөз сөйледі.

– Бүгінгі таңда біздің мекемеде 200-ге жуық сотталғандар жазасын өтеп жатыр. Олардың 95 пайызы қасақана, ауыр қылмыс жасағандар. Ауыр қылмысқа 7 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылғандар жатады, – деді ол.

Айта кетейік, Дарқан Қалымбекұлысотталғандармен арнайы кездесу өткізу ұсынысын қолдап, жазасын өтеп жатқан қылмыскерлермен жеке-жеке тілдесу барысында өз еріктерімен осы екі сотталушы ғана келіскен. Нәтижесінде, жастар бұрыс жолдың артында өкінішті өмір тұрғанына анық көз жеткізді. Жалпы алғанда, бұндай кездесулердің пайдасы мен берері мол екені анық. Алдағы уақытта мұндай шаралар жиі өткізілсе, осыдан сабақ алған талай жан қылмысқа бармас еді.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар