Ағымдағы жылдың сәуір айының басында Есіл өзенінде ВЛ-35 желісінің 4 тірегі қалқыған мұзбен құлатылды,
бұл Жарқайың және Есіл аудандарының ауылдарында электр қуатын сөндіруге әкеліп соқты.
Есіл өзенінің жоғары деңгейіне байланысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мүмкін емес.
Өзара іс- қимыл шеңберінде Ақмола облысының әкімі Қорғаныс министрімен бірлесіп Жарқайың және Есіл ауданының елді мекендерін электрмен қамтамасыз ету үшін 10 дизельді генератор жіберу жөнінде жедел шешім қабылдады.
Бұл шара жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін уақытша болып табылады.
Дереккөз: www.gov.kz