Ақмола облысының су басқан ауылдарынан 80-нен астам оқушыны «Жас дәурен» сауықтыру орталығы қабылдады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 6-16 сәуір аралығында «Жас дәурен» жыл бойы жұмыс істейтін лагерінің базасында су тасқынынан зардап шеккен Целиноград ауданының 6 ауылынан 5-9 сынып оқушыларының 81-і үшін сауықтыру ауысымы ұйымдастырылды.

Оқушыларды 4 отрядқа бөлді.

«Балалар үшін 5 рет тамақтану, түрлі ұжымдық іс-шаралар, таза ауада сауықтыру сапарлары ұйымдастырылды. Оқушыларға қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды», – деді білім басқармасының бас маманы Марина Ли.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар