Астрахан ауданындағы су тасқыны режимі бақылауда

Астрахан ауданының аумағындағы Колутон өзенінің арнасына жақын орналасқан бес ауданнан су келеді. Өзендердегі су деңгейін бақылау Колутон станциясындағы гидропосттарда, сондай- ақ Зеленое, Жаңатұрмыс, Старый Колутон, Колутон, Ягодное және Новый Колутон ауылдарында жүргізіледі.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа су тасқынына қарсы іс- шаралар және ағымдағы жағдай туралы баяндалды.

«Ауыл тұрғындарының жиыны өткізіліп,  су тасқыны кезінде эвакуация туралы хабарламалар таратылды. 3 эвакопункт дайындалды, ауылдың май зауыты аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын айдайтын орын бар.
Сондай-ақ, үйінді тұрғызылып, ауылдың шетінде құм салынған  қаптар үйілді. Мұз кептелісі орындарында жарылыс жұмыстары жүргізілуде. Старый Колутон  және Колутон ауылдарына 700 тоннаға жуық дресва әкелінді, 2800 дана қапшықтартаратылды», – деді аудан әкімі
Талғат Ерсейітов.

Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы аудан басшылығына барлық ресурстарды жұмылдыруды және жағдайды бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Қажет болған жағдайда ТЖД қосымша күштері мен инертті материалдар жіберіледі.
Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңыз», – деді М.Ахметжанов.

Су тасқыны кезеңінде алдын алу шараларына 214 адам, 86 бірлік техника тартылды. Сонымен қатар, ауданға Ақмола облысы ТЖД қосымша күштерінен 5 адам бөлінді.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар