Биыл Ақмола облысы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне төленетін төлем сомасын ұлғайтты. ҰОС ардагерлері 3 миллион теңгеден алады. Бүгінгі таңда облыста 6 ардагер тұрады.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар өңірлік басқармасының ақпараты бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер де 10 – нан 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде төлем алады.
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдар және басқа мемлекеттердің аумағындағы қимылдарының ардагерлері 25 АЕК алады.
Дереккөз: www.gov.kz