Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смаилов Иванковка ауылының тұрғындарымен кездесті.
Иванковка ауылында су тасқыны кезінде 67 үйге су кіріп, 86 адам қабылдау пунктеріне эвакуацияланған болатын. Қазіргі уақытта ауыл адамдары өз үйлеріне түгел оралды.
Аудан әкімі Ардақ Смаилов су басқан үйлерді аралау барысында азаматтарға сабырлық сақтауды айтып, су тасқынынан зардап шеккен әр отбасына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Айта кетейік, осы ауылда бүгіннен бастап аудандық су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың залалын жою және бағалау бойынша комиссия өз жұмысын бастады.