Бүгінде бүкіл әлем қоқыстарды сұрыптаудың маңызды екенін түсінеді. Бұған біздің қоғам да жақындап келе жатқаны қуантарлық жағдай.
Осыған байланысты «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық акциясыныңоблыстық жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналған «Киелі мекен» бағыты іске асырылды.
Аталмыш республикалық акция 5 аптаға созылып, әр аптасы белгілі бір тақырыпта өтеді. Алғашқы апта «Таза өлке»деген атаумен бастау алса, осы апта «Киелі мекен»бағытымен жалғасуда. Облыс орталығында өткізілген іс-шараның негізгі мақсатықала тұрғындары мен туристердің, әсіресе, жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде патриотизм, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу болып табылады.
Аталған бағыт бойынша Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті студенттерінің қатысуымен Шоқан Уәлихановтың ескерткішініңмаңайы абаттандырылса, одан әрі «Қоғамдық даму» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және жастар орталығының ат салысуыменАсқар Забикулин ескерткішінің маңы абаттандырылды.
– Бүгін еліміздеөтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде қазақ халқының ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ және ағартушы Шоқан Уәлихановтың ескерткішінің маңайын тазарту барысында мемориалдық кешеннің аумағын ретке келтіру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді, – деді облыстық «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің маманы Дидар Хамзин.
Экологиялық акцияға қоғам белсенділері де атсалысуда. Бәрі бір кісідей қоршаған ортаны таза ұстауға әрекет етіп жатыр. «Тазалық – денсаулық кепілі» демекші, тазалыққа шақырған игі шараға қатысушылардың бірі жергілікті «Эко-Dump» серіктестігі болды.
–«Эко-Dump» тұрмыстық қалдықтар полигоны бір ай бойы осы акция аясында жиналатын қалдықтарды қабылдауда. Олүшін 10-нан астамадам мен арнайы техника жұмысістейді. Қоқыстыңбарлығысұрыпталады, ал, кесілген бұтақтармен өзге де қатты қалдықтар бульдозерлерментығыздалады, – деді өз сөзінде серіктестік директоры Мәриям Әбішева.
Айта кетерлігі, экологиялық тазарту акциясына 150-ден аса студенттер мензейнеткерлер, қоғам белсенділері және мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Алдағы апталарда дәл осындай тақырыптық атауларымен акция одан әрі жалғасатын болады.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі