Әскери бөлімдегі зияткерлік ойын

Ел күнтізбесіндегі атаулы даталардың бірі – Отан қорғаушы күні қарсаңында дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінде сарбаздар арасында зияткерлік ойын өткізілді.

Іс-шара сарбаздарды білімді ортаға тарту және біріктіру, әлеуметтік белсенді, талантты жастарды анықтау, кәсіби және шығармашылық қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш ойынға әрқайсысы төрт адамнан құралған 14 команда қатысты. Ойын, тарих тағылымы, музыка әлемі, ұлы тұлға туралы, кино әлемі сияқты бес бағыттан тұрды.

– Жалпы ойын тартысты өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, жеңімпаз атануға шын ынтасын көрсете білді. Сонымен қатар, әр команда мүшелері топпен жұмыс істеу және практикалық тәжірибе алды. Айта кетерлігі, шара аясында облыстық жастар-ресурстық орталығының әлеуметтанушы-психологы қатысушылармен өмірлік маңызы бар дағдылар бойынша тренинг өткізді. Аталған тренингке жастар белсене қатысты, – деді орталық маманы Мейірлан Жамбылов.

Екі тілде өткізілген зияткерлік бәсекеде үшінші орынды «Форсаж» командасы иеленсе, екінші орынды «Мугивары» командасы еншіледі. Ал, ойын жеңімпазы болып «Алаш ұландары» командасы танылды. Шара соңында болған жеңімпаз және жүлдегер командаларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталып, қалған командаларға ойынға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар