Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Батыр туған Еңбек ауылы Сағадат Нұрмағамбетов ауылы аталса - АРҚА АЖАРЫ

Батыр туған Еңбек ауылы Сағадат Нұрмағамбетов ауылы аталса

Жуырда Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің әскери кафедрасында Халық Қаһарманы, Армия генералы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бесінші шақырылымының  депутаты Мұхтар Алтынбаевпен кездесу болып өтті.

Онымен бірге кездесуге экономика ғылымдарыныңдокторы, Парламент Сенатының  V-VІ шақырылымының депутаты Анатолий Башмаков қатысты. Аса қадірлі қонақтарды университет ректоры, академик Сағынтай Елубаев бастаған профессорлық-оқытушылық құрам мен студент жастар зор құрметпен қарсы алды.

Көкшетауға келген меймандар алдымен жоғары оқу орнында халықаралық стандарттарға сай салынып, жақында ғана пайдалануға берілген Студенттер сарайы мен спорт кешенін аралап көрді. Одан соң қонақтар әскери кафедраға барып, курсанттармен кездесті.

­–Биыл жерлесіміз, тұңғыш Халық Қаһарманы әрі тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Қарулы Күштеріміздің құрылуы мен қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған алғашқы Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толғалы отыр, – деп бастады өз сөзін Мұхтар Қапашұлы. –Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамыр күні Ақмола облысы Ақкөл ауданының бұрынғы Трудовое, қазіргі Еңбек ауылында дүниеге келген. Алланың қалауымен осы Еңбек ауылы Сағадат Нұрмағамбетов ауылы болып өзгертілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Батырдың туған жеріне ескерткішін де орнататын боламыз. Отанға қызмет ету, ел қорғау бұл кісі үшін ең абыройлы іс болатын.

Студенттер алдында сөйлеген сөзінде Армия генералы ел қорғайтын жастардың Отанға деген сүйіспеншілігі зор болуы керектігін баса айтты. Кезінде экс-сенаторлар аталмыш университетте әскери кафедраның ашылуына қолдау көрсеткен болатын. Енді міне, он жылдан кейін кафедра жұмысымен танысқан олар әскери кафедраның дамып, жетіліп келе жатқанына тәнті болды.

­–Қазіргі таңда жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру арқылы оларға көп нәрсенің мәнін ұғындыруға болады. Осы орайда, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті оқытушыларының еңбегі мол. Жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, Отанға деген адалдық сезімін арттыру, оларды тұлға ретінде дамыту үлкен жұмыстарды талап етеді. Міне, осы биіктен көрініп жүрген оқу орны ұжымына алда бұдан да зор жетістіктерге жетулеріне тілектестігімізді білдіреміз, – деді экономика ғылымдарының докторы Анатолий Башмаков.

Экс-сенаторлар одан соң облыс әкімі Марат Ахметжановтың қабылдауында болып, Ақкөл ауданына қарасты Еңбек ауылына Сағадат Нұрмағамбетовтың есімін беру туралы ұсыныс білдірді.

Салтанат ДОСЕТОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Айбек Данияров.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар