Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоршаған ортаның жа әрқайсымызды алаңдатуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Қоршаған ортаның жа әрқайсымызды алаңдатуы тиіс

1972 жылғы 5 маусымда Стокгольмде мемлекет басшыларының дүниежүзілік конференциясында UnitedNationsEnvironmentProgramme (UNEP) арнайы ұйымы құрылған болатын.

Сол жылы Біріккен Ұлттар ҰйымыныңБас Ассамблеясы бұл күнді қоршаған ортаны қорғау күнтізбесінің басты оқиғасы ретінде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні деп жариялады.

Бүгінгі күні барлық бұқаралық ақпарат өкілдері экология туралы жазып келеді. Тұрғындар ұрпақтарының болашағына қолайсыз экологиялық жағдайларға алаңдаулы. Бұған жайбарақат қарайтын адамдар некен-саяқ.Экологиялық жағдай туралы ақпарат барлығына қолжетімді. Үкіметтік емес қоғамдық экологиялық бірлестіктердің жұмысы жыл сайын айтарлықтай жанданып келеді. Экологиялық насихат экологиялық мәселелерді шешу жолдарын объективті және дұрыс табуға мүмкіндік береді.

Экология мәселелеріннасихаттау мақсатында Ақмола облысы бойынша экология департаменті бұқаралық ақпарат құралдарымен, әлеуметтік аккаунттармен және теледидармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Көптеген жылдар бойы экологиялық ағарту, халықты хабардар ету мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді.Әрине, бұл – аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, көшет отырғызу, «Таза жағалау», «Таза төбе», «Таза қала» және «Жер сағаты» акциясы сияқты көлдер мен өзендердің жағалау аймақтарын тазартуға арналған түрлі экологиялық акциялар.

Осылайша, Ақмола облысының аумағында жыл сайын сәуір-қыркүйек аралығында көктемгі-күзгі кезеңде аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту және көшет отырғызу мақсатында «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізіледі.Мектеп оқушыларын қоршаған ортаның экологиялық жай-күйі, ресурстарды сақтау, өлкетану және табиғатты қорғау мәселелерін зерттеу және шешу жұмыстарына тарту мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында «Ауа, су, жер» облыстық ғылыми жұмыстар байқауы өткізілгенін де айта кету керек.

Экология департаменті БАҚ беттерінде де осы тақырыпқа мақалалар жариялайды, Facebook және Instagram әлеуметтік парақшаларында жергілікті телеарналарға сұхбаттар беріледі. Экологиялық кодекс нормаларын түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесулер өткізіліп, тікелей эфирде экологиялық мәселелер бойынша брифингтер мен пресс-турлар өткізілуде.

Қазіргі интернет заманында басқарманың Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде өзінің әлеуметтік парақшалары бар, онда басқарманың атқарған жұмыстары күн сайын жарияланып отырады, яғни, біз мемлекеттік орган ретінде халыққа ашықпыз. Бұл аккаунттарда адамдар сұрақтар қойып, экологиялық мәселелерімен бөлісе алады. Біз әлеуметтік желілерде де тікелей эфир жүргіземіз.

Жаз мезгілінде департамент өзен-көлдер жағалауындағы аумақтарда рейдтер өткізіп, демалушылар арасында табиғатты аялау жөнінде тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Жазғы-күзгі кезеңде «Таза ауа», «Автобус» рейдтік іс-шаралары өткізіліп, облыс аумағындағы рұқсат етілмеген қоқыс полигондарын анықтау бойынша қалалық көліктерден шығарылатын зиянды қалдықтардың нормаларын сақтау бойынша рейдтер жүргізілуде.Сонымен қатар, департамент қызметкерлері облыс тұрғындары мен табиғат пайдаланушылар арасында Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Өткен ғасырдың өзінде-ақ адамзаттың болашағы көп жағдайда біздің бүгінгі экологиялық мәселелерді қалай шешетінімізге байланысты екені белгілі болды. Табиғат Рафаэльдің картиналары сияқты бірегей, оны жою оңай, қайта құру мүмкін емес, сондықтан, қоршаған ортаның деградациясын жеңу үшін нақты қадамдар жасауға құлшынуымыз керек.

Табиғатқа зорлық-зомбылықты тоқтату үшін технологиялық әлеуетімізді, өзге де күш-жігерімізді біріктірейік. Сонда ғана айналамыздағы қоршаған орта келер ұрпақтың да кәдесіне жарайтындай саулықта болып, адамзат игілігі үшін қызмет ете береді.

Күләш РАХИМОВА,
Ақмола облысы бойынша экология департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар