Құрметті көлік саласының қызметкерлері!
Кәсіби мерекелеріңіз – Көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Қазақстан экономикасындағы көлік саласының маңызы мен ерекше рөлін бағаламауға болмайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде үнемі айтып келеді.
Қалалар мен елдерді байланыстыратын экономиканың барлық саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы өмірді автомобильдерсіз, автобустарсыз, пойыздарсыз және ұшақтарсыз елестету қиын.
Жүктерді уақытылы жеткізу, жедел көмек, жақсы құрылымдалған көлік сұлбалары, жедел және апатсыз жұмыс – бұл үшін біз көлік қызметкерлерінің еңбегін бағалаймыз.
Ақмола облысында көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында мыңдаған шақырым автомобиль және теміржол қайта жаңғыртылып, салынды. Елді мекендердің жол желілері жөнделуде, жаңа цифрлық технологиялар енгізілуде, маршруттар желісі кеңеюде, материалдық-техникалық база жаңартылуда, бұл жалпы алғанда жолаушылар ағынын және автомобиль, теміржол көлігімен және әуе көлігі жүк тасымалдау көлемін арттыруға ықпал етеді.
Сала қызметкерлері стратегиялық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосуда. Осы күрделі кәсіпке саналы ғұмырын арнаған жүк және жолаушылар көлігі ардагерлерінің тәжірибесіне баға жетпейді. Керемет еңбек дәстүрлерін сақтай және ұлғайта отырып, сіздер саланың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге ұмтыласыздар.
Сіздердің лайықты жұмыстарыңыз, табандылықтарыңыз және адалдықтарыңызға рахмет. Шын жүректен Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт пен өркендеу, алға қойған міндеттерді шешуде табыс тілеймін!
***
Құрметті көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Өңірдің депутаттық корпусы атынан сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан Республикасы Көлік қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда көліксіз адам өмірінің бірде-бір қырын елестету мүмкін емес. Ол экономиканың барлық салаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, елді мекендер мен өңірлерді өзара байланыстыра, сауда қатынастарын кеңейте отырып, елдің дамуында маңызды орын алады.
Бүгінде Ақмола облысында жолаушылар көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тасымалдарды басқарудың тиімді әдістерін енгізуге қатысты міндеттер ойдағыдай шешілуде. Қызметкерлердің жоғары кәсібилігінің, орасан зор шеберлігінің арқасында өңірдің көлік саласы тиімді және үздіксіз жұмыс істеуде.
Осының нәтижесінде біздің қоғамда көлік еңбеккерлері әрқашан ерекше құрметке ие.Бұл ретте, көптеген жылдар бойы еңбек жолдарын сүйікті кәсіптеріне, жүк және жолаушылар көлігі саласынаарнап келген ардагерлердіңтәжірибелері де баға жеткізгісіз.
Осы мереке күні көлік саласының барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ, күн сайын облыс жолдарына шығатын мыңдаған жүргізушілерге зор денсаулық, мол бақыт, амандық пен сәттілік, табысты да тұрақты жұмыс және оң сапар тілеймін!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.