Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Григорьевна Дементьева 27 қыркүйек күні Ерейментау ауданына жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесіп, елімізде АЭС құрылысын салу бойынша референдум жұмысын түсіндірді.
Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева жұмыс сапары барысында «Орман шаруашылығы» ММ, «КИ-811» автожөндеу зауыты және «Баян» СҮ еңбек ұжымдарымен кездесті. Мәжілісмен 6 қазан күні сайлау учаскелеріне келіп, алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға шақырды. Еңбек ұжымдарының алдында сөз сөйлеген депутат Н.Дементьева атом электр станциясын салудағы басты қажеттілік – электр энергиясының тапшылығын шешу деген пікірін білдірді. Мамандардың болжамы бойынша 2030 жылға қарай Қазақстанда қуат тапшылығы сағатына 13 миллиард киловаттан асуы мүмкін.
Наталья Григорьевна АЭС құрылысының артықшылықтары, қазіргі заманғы атом электр станцияларының қауіпсіздігі, олардың жұмыс істеу қағидаттары және атом электр станцияларының қоршаған орта мен адам денсаулығына әсер ету дәрежесі туралы ақпаратпен бөлісті.
– Бүгінгі таңда Қазақстанның атом өнеркәсібінде 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді, олардың 15 мыңы – негізгі өндірістік персонал. Сондай-ақ, көптеген мамандар Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтында жұмыс істейді, – деп атап өтті Мәжіліс депутаты.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері АЭС қауіпсіздігіне қатысты өздерін мазалаған сұрақтарын қойды.
Депутат барлық сұрақтарға кеңестік және заңнамалық сипатта түсініктеме берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.