Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік кепілді заң көмегі және оны алу жолдары - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік кепілді заң көмегі және оны алу жолдары

Азаматтарымыз  мемлекет  кепілдік  берген  заң  көмегін қалай алады немесе еліміздің  заңнамасында  заң  көмегінің  тағы  қандай  нысандары  қарастырылғанынан оқырмандарымызды толығырақ хабардар ету үшін Ақмола облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Сағадиеваны әңгімеге тартқан болатынбыз.

 –  Гүлмира Мүтәллапқызы, бүгінде оқырмандарымыз үшін маңызды мәселенің бірі –  мемлекет кепілдік берген заң көмегін қалай алуға болады? Осының тұжырымдамасына қысқаша тоқталсаңыз.  

– Өте орынды сұрақ. Заң көмегі Қазақстан Республикасы  Конституциясының  13-бабы 3-тармағында  бекітілген. Әрбір  адамның  білікті заң көмегін алу құқығы, оның ішінде арнайы заң білімі мен  дағдыларын пайдалану Заңда және Қазақстан Республикасының өзге  де  заңдарында  белгіленген. Бұдан бөлек, кепілді мемлекеттік  заң көмегін мемлекеттік органдар өз құзыретішегінде құқықтық ақпараттандыру түрінде  өтеусіз  көрсетеді. Ол қызметті адвокаттар,  заң  консультанттары,  нотариустар,  жеке сот орындаушылар көрсете алады.

–  Ал, мемлекеттік кепілді заң көмегі аясында азаматтардың  қай  санаты көмек  ала  алады?

–  Барлық  азаматтар мен  заңды  тұлғалардың  құқықтық  ақпарат  түрінде  кепілдендірілген  мемлекеттік  заң  көмегін тегін  алуға  құқығы  бар  екенін  айту  маңызды. Бұл ретте,  құқықтық  кеңес  беру түріндегі  кепілдендірілген  мемлекеттік  заң  көмегі  азаматтардың  мынадай  санатында  көрсетіледі. Алдымен, алимент өндіріп алу, зейнетақы мен  жәрдемақы  тағайындау,  оңалту,  босқын  немесе қандас  мәртебесін  алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға, жыныстық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі  құрбандарына  не осы  мәртебеге  немесе  жағдайға  байланысты  олардың  құқықтары  мен  заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау  мәселелері бойынша азаптауға ұшырағандарға; жеке тұлғаларға  асыраушысының қайтыс  болуынан келтірілген  зиянды өтеу мәселері  бойынша; Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және жеңілдіктер бойынша соған қатысушыларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ, басқа мемлекеттер аумағында соғыс қимылдарының ардагерлеріне,  мерзімді  қызметтегі  әскери қызметшілерге,  бірінші  және  екінші  топтағы  мүгедек   адамдарға,  жасына  байланысты зейнеткерлерге, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес  мәселелер бойынша, әсіресе, көпбалалы  отбасыларға; бір айда жан басына  шыққандағы  орташа табысы облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен аз қамтылған  адамдарға кәсіпкерлік  қызметпен  байланысты емес  мәселелерге қатысты жағдайда осы заң көмегі қарастырылады. Бұдан басқа соттарда, қылмыстық  қудалау  органдары  мен мемлекеттік  емес  ұйымдарда  азаматтардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі  кепілдендірілген  мемлекеттік  заң көмегі  көрсетіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық  бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа  тартылатын  адамға, Қазақстан Республикасының азаматтық іс-жүргізу  заңнамасына  сәйкес  талапкерге не жауапкерге  және  Қазақстан  Республикасының  әкімшілік  сот  ісін  жүргізу   туралы  заңнамасына  сәйкес  талапкерге және Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс-жүргізу  заңнамасына сәйкес  күдіктіге,  айыпталушыға,  сотталушыға, жәбірленушіге кепілді мемлекеттік заң көмегікөрсетіледі.

Біздің  азаматтар  тұрғылықты жеріне және  орналасқан  жеріне  қарамастан, сондай-ақ, кепілді мемлекеттік заң көмегіне мұқтаж  адамның мүддесі үшін Қазақстан Республикасының аумағында  мемлекет  кепілдік  берген  заң  көмегін  алуға  құқылы,  мұндай  көмек  көрсету туралы өтінішпен  оның  өкілі заңдарда  белгіленген  тәртіппен  жүгіне  алады.

– Мемлекет адвокат  немесе заң  кеңесшілеріне  көрсетілген  заң  көмегін  қалай  өтейді?

Біріншіден, кепілді  мемлекеттік  заң  көмегін  көрсету  жүйесіне   қатысатын адвокат немесе заң консультанты әділет  органымен осындай  көмек  көрсету  туралы  келісім  жасасуға  және  Е-заң  көмегі  ақпараттық  жүйесінде  тіркелуі тиіс.

Қазіргі уақытта  бұл  жүйеге  Ақмола облысы  бойынша  99  адвокат  және  19  заң  кеңесшісі  қатысуда. Жоғарыда  аталған  санаттағы  азаматтарға  заң  көмегін  көрсеткеннен  кейін  біздің  адвокаттарымыз   бен заң кеңесшіміз,  заң кеңесшісі көрсететін мемлекет кепілдік  берген  заң  көмегіне  ақы  төлеу, құқықтық  кеңес  беруге,  қорғауға  және  өкілдік етуге, сондай-ақ, татуластыру рәсімдерін жүргізуге  байланысты шығыстарды  өтеу  қағидаларына  сәйкес  төлемді  жүзеге  асырады. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына 5950  азаматқа 100 миллион тенгеден астам сомаға кепілдендірілген  мемлекеттік  заң  көмегі  көрсетілді.

 – Айтыңызшы, еліміздің  заңнамасында  заң  көмегінің  тағы  қандай  нысандары  қарастырылған?

Заң  көмегінің  нысандары  өтеулі негізде  көрсетілетін заң көмегі  болып  табылады. Бұл  мемлекет  кепілдік берген  заң көмегі және  кешенді әлеуметтік  заң  көмегі. Әрине, біздің оқырмандар  заң  көмегін  көрсету туралы шарт жасалып, клиент адвокаттың немесе  адвокатының қызметтерін  өз  қаражатынан төлеген  кезде яғни, ақылы  негізде  көмек  алады.  Сондықтан,  мен кешенді  әлеуметтік  заң  көмегін  көрсетуге  тоқталамын.

Жалпы, кешенді  әлеуметтік заң көмегі немесе  pro bono  шеңберінде  заң  көмегін  көрсету  ұғымы,  латын  тілінен  аударғанда  қоғамдық  игілік  үшін  дегенді  білдіреді. Бұл  көмек  жеке  санаттағы   мұқтаж  азаматтарға  мүлдем  өтеусіз  негізде көрсетіледі  және  мемлекет бұл көмекті  өтемейді.  Сонымен  қатар,  кешенді  әлеуметтік  заң  көмегін  адвокаттар мен заң кеңесшілері тегін көрсетеді және  онымен құқықтық  жағдай басынан  бастап  толық  аяқталғанға  дейін бірге  жүреді.  Кешенді әлеуметтік  құқықтық  көмек  дегеніміз – сол адвокаттың  немесе  заң кеңесшісінің  әлеуметтік  жауапкершілігі және өмірлік  қиын жағдайға тап болған  мұқтаж азаматқа көмектесуге деген  ұмтылыс. Бұл өте маңызды. Қазіргі таңда адвокаттар мен заң кеңесшілері  кешенді әлеуметтік  заң  көмегі  аясында  белсенді  көмек  көрсетуде. Ол жұмыстары  үшін  үлкен алғыс  білдіремііз.  Бұл тұрғыда көбінесе біздің  азаматтарымыздан әділет  департаменті  адвокаттар  алқасына немесе заң консультантары палатасынаАлғыс  хаттары  келіп  түседі.

– Әділет  органдары үшін кепілдендірілген  заң көмегін  көрсету жүйесі неге соншалықты  маңызды? Әрі азаматтар оны  көрсетуге  наразылық  білдірген фактілер бола ма?

– Дұрыс айтасыз, біріншіден, бұл біз үшін  әрқашан  маңызды  және  өзекті  болып қала береді.  Өйткені,  бұл  біздің  азаматтарымыздың  білікті  заң  көмегін  алуға  конституциялық  құқығын  жүзеге  асырудың  бір түрі және біздің  мақсатымыз  еліміздің  әрбір  азаматы  осы туралы  білуі  үшін  оның  құқықтары мен  заңды  мүдделері  қорғалуы  керек. Бұл саладан  хабардар  ету  және  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу  мақсатында  біз  адвокаттармен және  заңгерлермен  бірлесіп,  тиісті іс-шаралар, акциялар, сапарларды іске асырамыз. Әлеуметтік  осал  санаттағы адамдарға барып, біздің заңгер  әріптестеріміз  азаматтарға  тегін кеңес береді. Қандай да бір құқықтық жағдайды талдауға көмектеседі. Біздің  мақсатымыз  облыс  тұрғындарын  қамту  және  оларға, оның ішінде шалғайдағы ауылдық округтерге қажетті құқықтық көмек көрсету. Өкінішке орай, азаматтардан  сапасыз заң көмегіне, оның ішінде кепілді  мемлекеттік заң көмегі шеңберінде өтініштер келіп түсетінін мойындауға  мәжбүрміз. Мұндай  әрбір  өтініш  әділет  органдарының  ерекше  бақылауында  болады  және мұқият  зерделенуге, адвокаттар  алқасының тәртіптік комиссияларына немесе  заң консультанттары палатасына қарау үшін жіберіледі. Менің ойымша, біздің әріптестеріміздің осы жүйедегі жұмысы тегін заң көмегін  көрсетуде  азаматтардың шағымдарын азайтуға, дәлірек айтсақ, ондайдан толығымен арылуға бағытталуы керек.

 – Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбатты жүргізген Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар