Жуырда Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастарресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі «Новопэк» компаниясында қаламыздың студенттері және жұмыссыз жастары үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкеге Көкшетау қаласының жоғары оқу орындарының және колледждерінің жоғары курс студенттері, жастар арасында жұмыс іздеушілер, БАҚ өкілдеріжәне «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында жұмыссыз азаматтар мен жастарды жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылды. Қоғамның негізгі қозғаушы күші – жастар болғандықтан, жастарға әрқашан көңіл бөлу маңызды. Аталмыш жәрмеңкені облыстық жастар ресурстық орталығы әр тоқсан сайын белгілі бір өндіріс орындарында үзбей өткізіп отырады. Бұл ретте, жыл басынан бері Ақмола облысы бойынша осындай шаралар аясында 8022тегін кеңес беріліп, оның ішінде 4128 жас азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Және NEET санатындағы жастар арасында 105 адам жұмысқа алынды.
«Новопэк» серіктестігіндегі жәрмеңке аясында кәсіпорын бойынша экскурсия жүргізіліп, бос жұмыс орындары жайында жастарға кеңінен ақпарат берілді.Қазіргі таңда мұнда150-ге жуық бос жұмыс орныбар екені анықталды. Атап айтсақ, кәсіпорында көбінесе тігіншілер, операторлар мен механиктердің жетіспеушілігібайқалады.
– Аталған шараға қатысушылар компания жөнінде толықтай мәлімет алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын еркін қойып, жұмысқа орналасуға бір қадам ілгері басқандары білінді. Әрқайсысы компания жайында ақпарат алғаннан кейін олардың басқа да сұрақтарына жауап берілді. Жалпы, мұндағы мамандықтар біраз жастардың қызығушылығын туғызып, ойланып қалғандарын байқадық. Олар осында жұмысқа келемін десе, ешкім қол қақпайтыны анық. Жәрмеңкенің де бір маңызды тұсы осы, жастарға жұмыс жоқ емес, бар екендігін еске салу, соны іс жүзінде нақты көрсету, – дейді өз сөзінде жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Мақпал Жанарысова.
Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.