Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұстаз-ұлы есім - АРҚА АЖАРЫ

Ұстаз-ұлы есім

Белгілі журналист, марқұм Бейсен Құранбектің идеясының желісімен түсірілген «Ұстаз» фильмін көріп, қатты әсер алдым. Ол әсерді осы фильмді көрген әр ұстаз сезіне алды деген ойдамын.

Рас, бүгінгі күні елімізде өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында бар күш-жігерін сарп етіп, аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз баршылық. Президент меңзеген қоғамның басты кейіпкерлері, осы ұстаздардеп атап өткен еді.Қазіргі уақытта педагог мәртебесі мен қоғам алдындағы ұстаздың бейнесі мен беделі жоғары.

«Ұстаз» фильміндегі қарапайым ауыл мұғалімі Ілиястың рөлін шебер сомдаған актер Еркебұлан Айдымбаев еліміздегі барша педагогтердің адал еңбегін шынайы көрсете білді. Ауылдық мектепке жұмысқа орналасқан ұстаз, балаларға білімнің шырағын жағуы,оқушылардың мақсат міндеттерінің айқындап беруінің өзі үлкен күш пен қажырлы еңбекті талап етеді. Жалпы алғашқы жұмысқа орналасқан күннен бастап, оқушылардың алдында өзінің мәртебесін жоғары қоюының өзі тамсандырады. «Ұстаз» деген сөзді естіген әр оқушы құрметпен қарауға үйренеді. Жүрек түкпіріндегі мен ұстаз боламын, шәкірт тәрбиелеу жолында қызмет етемін, әр қазақ баласының болашағының жарқын болуына өз үлесімді қосамын деген ұстазға мотивация.

“Ұстаз” фильмінің әсері туралы ой бөлісер болсақ, бұл туынды көрерменге терең әсер қалдырады. Фильм мұғалім мамандығының қаншалықты жауапкершілік пен құрметке лайық екенін көрсетіп қана қоймай, қоғамдағы білімнің рөлін де айқындайды.

Фильмдегі кейіпкерлердің шынайылығы, мұғалімнің балалармен байланысы, олардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге деген ұмтылысы жүрекке жетеді. Мұғалімнің жанкештілігі, өмірлік қиындықтарға қарамастан, өзінің негізгі мақсатын – білім беру мен тұлға қалыптастыруды жоғары қоюы кез-келген адамды ойландырады.

“Ұстаз” тек білім беру саласындағы мамандарға ғана емес, әрбір адамға адамгершілік, төзімділік, жанашырлық секілді қасиеттердің қаншалықты маңызды екенін сезінуге мүмкіндік береді. Ол бізге әрбір мұғалімнің жеке тұлға ретінде де, қоғам үшін де маңызды екенін ұғындырып, ұстаздықтың шынайы бейнесін ашады.
Қазіргі таңда педагогтер мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлықты айқын сезінуде. Ендігі жерде фильм кейіпкері Ілияс ұстаз секілді ұстаздар көп болса, ауыл мен қала арасындағы білім сапасының алшақтығы әлдеқайда қысқара түсері хақ. Әр «Ұстаз» жүрегінің төрінен орын алары сөзсіз.

ҰСТАЗ-есіміне еш кір келтірмей, жоғарда ұстауымыз керек. Фильм маған қатты әсер қалдырды…
Қарекет түбі-берекет!
Әсерлі ой түйіп, өз жазбамды қалдыруды жөн көрдім.

Дәнекер Холганатқызы

Loading

10 Comments

  • Дәнекер Холғанатқызы – өз ісіне адал, білімді, және шынайы ұстаз. Ол мектепте балаларға тек білім беріп қана қоймай, оларға өмірлік құндылықтарды үйретуге де ерекше мән береді. Оның оқушыларына деген қамқорлығы, сабырлылығы және кәсіби шеберлігі әрдайым байқалады.

    Дәнекер Холғанатқызы сабақ барысында заманауи әдістерді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оның сабақтары әрқашан тартымды, пайдалы әрі тәрбиелік мәні жоғары. Ол балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, әр оқушыға жеке көңіл бөле алатын білікті маман.

    Сонымен қатар, ол ұжымда сыйлы, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орната алған. Оның еңбекқорлығы мен жігерлілігі жас мамандарға үлгі. Мұндай ұстаздардың еңбегі – болашақ ұрпақтың табысты азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.

  • Данекер құтты болсын мақала! Өте мазмұнды, мағыналы жазылыпты. Еңбегің елене берсін! Саған бар жақсылықты тілеймін. Өсе бер, биік шыңдарды бағындыра бер!

  • Дәнекер Холганатқызы өз ісіне адал, мейірімді, білікті ұстаз. Мұғалім әр оқушының дамуына ерекше көңіл бөліп, олардың жетістігіне шын жүректен қуанады. Әрбір айтқан сөзі мен ісі оқушыларды шабыттандырып, үлкен мақсаттарға жетелеп отырады. Сабақ беру тәсілі өте түсінікті, әрі қызықты, ал тәрбие жұмысы әрдайым сапалы деңгейде өтеді.
    Дәнекер Холганатқызының жауапкершілігі мен қамқорлығы арқасында оқушылар білім ғана емес, өмірге қажетті құнды қасиеттерді де бойына сіңіреді.

  • Дәнекер Холғанатқызы өте білімді, талантты, көпшіл, адал жан. Адамдармен қарым-қатынасы өте жақсы, сізден аларымыз өте көп, Ақмола облысы бойынша танымал. Заманауи әдістерді көп қолданып отырады. Жұмыс бабымен қандай сұрақ қойсаңда еш кідірмей жауап беріп отырады. Жұмысына адал, адамдармен қарым-қатынасы ерекше. Көптеген жақсы жетістіктерге жеткен. Жетістігі өте көп, еңбегіңіз жана берсін. Біз сізден үлгі аламыз. Әрі де биік белестерден көретінімізге сенімдімін. Жарайсыз қашанда сәттілік болсын.

  • Данекер Холғанатқызы Ұстаз атағына ие.Оқушыларға тек қана ұстаз емес, олардың екінші анасындай.Әрқашан қолдап,кеңестерін айтып жатады.Сабақты да,өте креативті түрде өткізеді.

  • Дәнекер Холганатқызы өз ісіне адал, мейірімді, білікті ұстаз. Мұғалім әр оқушының дамуына ерекше көңіл бөліп, олардың жетістігіне шын жүректен қуанады. Әрбір айтқан сөзі мен ісі оқушыларды шабыттандырып, үлкен мақсаттарға жетелеп отырады. Сабақ беру тәсілі өте түсінікті, әрі қызықты, ал тәрбие жұмысы әрдайым сапалы деңгейде өтеді. Әр оқушыны жаңа жетістіктерге ынталандырып отырады.
    Дәнекер Холганатқызының жауапкершілігі мен қамқорлығы арқасында оқушылар білім ғана емес, өмірге қажетті құнды қасиеттерді де бойына сіңіреді.

  • Ұстаз -деген ұлағатты атқа лайық ,өскелең ұрпақ тәрбиелеуде жанын салып еңбек етіп,өнегелі өрендер мен саналы ұрпақ дайындауда бар күш-жігерін салып еңбек етіп жүрген мұғалімнің бірі-Данекер Холғанатқызына абыройың асқақтап жұмысының жемісін көр демекпін. «Ұстаз» фильмін көргенде алған жақсы істеріміз мол. Тәрбиелі ұландар ,өнегелі оқушыларымыз- Қазақстан болашағы!

  • Ұстаздың шын мәнінде өз ісіне деген сүйіспеншілігі оқушының жүрегіне жол табады. Дәнекер апай әр баланың бойындағы ерекше қасиеттерді байқап, оларды дамытуға жол ашады. Сабақтары әрдайым қызықты, тартымды және терең мағыналы. Ең бастысы, Дәнекер апай әр оқушыға жеке көзқараспен қарап, сенім ұялатады. Ұжымдағы сыйластығы мен жас мамандарға көрсеткен қолдауы – көпке үлгі. Әрбір әрекеті – оқушының өміріне жағымды әсер етуге бағытталған. Балалар тек білім алып қана қоймай, өзіне деген сенімділік пен болашаққа деген құштарлықты бойларына сіңіреді.

  • Ұстаздың шын мәнінде өз ісіне деген сүйіспеншілігі оқушының жүрегіне жол табады. Дәнекер апай тек білім беріп қана қоймай, әр баланың бойындағы ерекше қасиеттерді байқап, оларды дамытуға жол ашады. Сабақтары әрдайым қызықты, тартымды және терең мағыналы. Ең бастысы, Дәнекер апай әр оқушыға жеке көзқараспен қарап, сенім ұялатады. Ұжымдағы сыйластығы мен жас мамандарға көрсеткен қолдауы – көпке үлгі. Әрбір әрекеті – оқушының өміріне жағымды әсер етуге бағытталған. Балалар тек білім алып қана қоймай, өзіне деген сенімділік пен болашаққа деген құштарлықты бойларына сіңіреді.

  • Данекер мұғалім, алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіз! Нағыз ұстаз деген атқа лайық жагсыз, өз ісіңіздің маманысыз.! Еңбек қор, табандырлығыздың арқасы ғой!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар