Игі шара
Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан» орталығы «Ардағым – ардагерім» қайырымдылық акциясын өткізді.
Оның барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға, еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік себеттері таратылды.
Жуырда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің маңыздылығы, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің батырлығы, сондай-ақ, елдегі бейбітшілік, келісім мен тұрақтылықтың негізі ретінде тарихи жадтың рөлі туралы ерекше атап өткен болатын.
Жоғарыда аталған акция аясында «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі тыл еңбеккері Борис Рябченюктің, «Бари» армян мәдени орталығы Айнақас Кәрімованың, «Чуваш этномәдени орталығы» Рита Костенконың үйлеріне барып, игі тілектерін білдіріп, олардың еселі еңбегі жас ұрпаққа үлгі екендігін айтып, азық-түлік себеттері мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Рита Сергеевна «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жанындағы «Русская песня» халық ансамблінің мүшесі. Ол өзін құттықтап келген орыс қауымдастығының мүшелеріне алқаулы ақ тілегін арнады. Түрлі тарихи кезеңдерді бастан кешіп, бір шаңырақ астында топтасқан барша ақмолалықтарды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен және Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығымен, сонымен қатар, жақындап қалған 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
«Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Артем Мащинскийдің атап өткеніндей, мұндай акцияларды өткізу Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді жадымызда сақтауға мүмкіндік береді және жастарға батырлық дәстүрлерді насихаттаудың маңыздылығын көрсетеді. Жеңістің 80 жылдығы өткенге құрмет қана емес, сонымен бірге, бейбітшілік пен бірліктің құндылығын еске салады. Қазақстан ұлы тарихтың бір бөлігі ретінде өз батырларын еске алуды және жас ұрпақты патриотизм мен тарихқа құрмет рухында тәрбиелеуді жалғастыра береді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

