Құқық әлеміне саяхат

Заң және заман

Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Шарль Луи де Монтескье, Имануил Кант, Томас Джеферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген.

Өзіміздің даналарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазбек би және ұлы Абай да адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция, сонымен қатар бала өмірің «Бала құқықтары декларациясы» қорғайды. Застанциондық қалалық үлгілі кітапханасының оқу залында «Құқық әлеміне саяхат» атты кездесу өтті.

Іс-шараның қонақтары Көкшетау қаласы полиция басқармасының жедел уәкілі Әсет Болат адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы айтып, өмірдің тәжірибесінен мысалдар мен фактілер келтірді. Балаларға қатысты құқықтар мен міндеттер туралы полиция капитаны, кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектор Жұлдыз Омарова айтып берді. Сондай-ақ, ол жазғы уақытта табиғатта, су айдындарының жанында балалар өзін қалай ұстау керектігі жөнінде де баяндады.

Оқырмандар №14 жалпы білім беретін мектептің оқушылары өз сұрақтарын ортаға салды. Кітапханашылар Елена Данчева, Динара Бүркітбай кітап көрмесін ұйымдастырып, тақырып бойынша әдеби шолу жасады.

Іс-шара соңында оқырмандармен «Біздің мектеп» атты ойын жүргіздік, онда балалар өз құқықтары мен міндеттері туралы сұрақтарға жауап берді. Ойынға оқырмандар белсене қатысты. Сөзімізді қорытындылай келгенде, сіз қай жерде тұрсаңыз, банк қызметкері, заңгер, әскери қызметкер, инженер, дәрігер, автомеханик, құрылысшы, кім болсаңыз да ең бастысы, Отанымыздың лайықты, тәрбиелі, адамгершілігі мол, білімді азаматы болуымыз керек.

Қарлығайын НҰРҚАДЫРҚЫЗЫ,
Застанционный үлгілі кітапханасының меңгерушісі.

Көкшетау қаласы.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар