Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Журналистика – биік жауапкершілік пен терең мағынаға ие мәртебелі мамандық. Сіздер қоғам мен билік арасында дәнекер бола отырып, маңызды ақпаратты жедел жеткізіп, қоғамдық пікір қалыптастыруға және сындарлы диалог орнатуға ықпал етесіздер.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттау рәсімінде: «Сіздер мемлекет саясатын түсіндіріп, қоғам мен биліктің арасында көпір болып келесіздер. Елде жүріп жатқан реформалардың мән-мағынасын жұртшылыққа жеткізіп жүрсіздер. Бұл – өте маңызды, күрделі әрі ерекше жұмыс» – деп, кәсіби миссияларыңыздың маңыздылығын атап өтті.

Бүгінде өңірлік журналистика кәсіби биіктерден көрініп отыр. Бұл салада өз ісінің шеберлері мен ардагерлердің жолын лайықты жалғастырып келе жатқан талантты жастар еңбек етуде. Журналистеріміздің еңбегі еленіп, бірқатар әріптестеріңізге жоғары мемлекеттік наградалар берілді.

Сонымен қатар, ауылдық округтер мен шағын қалалардағы қарапайым халықтың тыныс-тіршілігін шынайы әрі шебер жеткізіп жүрген аудандық басылымдардың еңбегі айрықша. Биыл олардың бірқатары маңызды мерейтойларын атап өтуде. Осы ретте редакция ұжымдарын айтулы даталарымен шын жүректен құттықтаймын.

Құрметті әріптестер!

Сіздер – сөздің құдіретіне ие, қоғамдық сананы қалыптастырып отырған зиялы қауымның бірісіздер. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында маңызды шешімдер қабылданып, өткір мәселелер өз шешімін табуда, ал қарапайым азаматтардың ойы билікке жеткізілуде. Бұл – өңіріміздің дамуына, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және әділетті, ашық әрі алға басқан қоғамды қалыптастыруға қосылған сүбелі үлес.

Мамандыққа деген адалдықтарыңыз, азаматтық ұстанымдарыңыз бен өршіл позицияларыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс пен отбасылық амандық тілеймін.

***

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бұқаралық ақпарат құралдары – қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі. Қарқынды өзгерістер, цифрландыру және ақпарат ағыны дәуірінде сіздер шындықты жеткізіп, қоғамдық пікір қалыптастырасыздар, мәдени және рухани құндылықтарды сақтайсыздар.

БАҚ тек жаңалық таратушы емес. Бұл біздің күнделікті өміріміздің, жетістіктер мен қиындықтарымыздың, үміттеріміздің айнасы. Журналистер, редакторлар, операторлар, корреспонденттер күн сайын, кейде қиын жағдайда, кәсіби әдепті сақтай  және объективтілікке ұмтыла отырып, өз жұмыстарын адал орындайтын жандар.

Бұл күні біз шынайы ақпараттың қайнар көзінде тұрған, өз оқырмандарына, көрерменіне, тыңдаушыларына әрдайым құрметпен қарайтын барша журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің шындықты батыл айтып, адам тағдырына бей-жай қарамай, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтерудегі табандылықтарыңыз мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де баға жетпес үлес. Сіздердің арқаларыңызда біз елдегі және әлемдегі оқиғалар туралы уақытылы ақпарат аламыз, қорытынды жасап, шешім қабылдай аламыз.

Қазіргі жағдайда БАҚ-тың рөлі артып келе жатыр. Қоғамның ақпаратқа деген сенімі мен қоғамдық диалог деңгейі медиасфера өкілдерінің кәсібилігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сіздер гүлденген мемлекет құруға мәдени, әлеуметтік әсер етесіздер.

Барлық журналистерді, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби өсу, толағай табыс, мол сәттілік және шексіз ынта-жігер тілеймін! Ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз әрқашан жоғары бағаланып, жемісті бола берсін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар