Цифрландыру стратегиясын іске асыру қарекетіндеміз

Жолдауға –қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылдағы дәстүр бойынша ел халқына өзінің кезекті Жолдауын жолдады. «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты биылғы басты құжатта біздің салаға артылған міндеттер жүгі өте зор.

Ақмола облысы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық басымдығы ретінде цифрлық трансформация бағытын кезең-кезеңмен үздіксіз іске асырып келеді. Аймақта заманауи цифрлық экожүйені құру жолға қойылып отыр. Ондағы басқару жүйесі деректерге негізделіп құрылса, ал, технологиялары азаматтардың, бизнес пен мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істейді.

2025 жылдың қаңтарында Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы цифрландыру, цифрлық трансформация және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту мәселелері бойынша бірыңғай оператор болып белгіленді. Бұл цифрлық бастамаларды басқаруды шоғырландыруға және іске асырылып жатқан жобалардың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы маңызды құжатта Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек деп тапсырма берді. Жалпы, Ақмола облысы бірыңғай цифрлық архитектураны құруға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға бағытталған 2025-2030 жылдарға арналған цифрландыру стратегиясын бекітті. Стратегияның басты басымдықтары – ақпараттық технологиялар инфрақұрылымын, цифрлық құзыреттер мен нормативтік базаны дамыту, маңызды салаларға заманауи шешімдерді енгізу, деректер негізінде басқаруға көшу және технологиялық кәсіпкерлікті қолдау. Қазірдің өзінде бұл стратегияны іске асыру басталып та кетті.

Аймақтың цифрлық трансформациясының орталық элементі – Digital Aqmola орталығыболады.Бұл мемлекеттік деректерді тиімді және бағдарлы құрудың негізгі заманауи құралы болмақшы. Платформа нақты уақыт ішінде барлық негізгі салалардағы ақпараттарды, яғни,көлік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығынан бастап, экология, денсаулық сақтау және қауіпсіздікке дейін деректердің бәрін жинайды, өңдейді және талдайды. Бұлазаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін нақты және негізгі шешімдердіуақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Аталмыш орталық орталықтандырылған мониторинг, болжамды талдау функцияларын AI және Big Data негізінде орындайды, әкімдіктің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын, цифрлық трансформацияның KPI-ын бақылауды және дағдарыс жағдайларына жылдам әрекет етуді қамтамасыз етеді. Бұл шынайы түрде цифрлық және клиентке бағдарланған мемлекеттік басқаруды құрудың практикалық қадамы болып саналады.

Ақмола облысында шұғыл қимылдау жүйесін трансформациялау шеңберінде Ai Komekжобасы іске асырылуда. Бұл жоба өңірдің барлық шұғыл және сервистік қызметтерін біріктіретін бірыңғай зияткерлік платформаға құрылған. Жобаның мақсаты – азаматтардың өтініштерінің түсуінен бастап, олардың толық орындалуына дейінгі есепті қалыптастыру бойынша барлық жұмыстың толық цифрлық циклін қамтамасыз ету.

Пилоттық жоба ағымдағы жылдың шілде айында бастау алып, Ai Komek-109 қызметі іске қосылған. Жыл соңына дейін жоба бойынша 112, 102 және 103 қызметтерін, сондай-ақ, әкімдіктер мен коммуналдық кәсіпорындарды осы жүйеге интеграциялау жоспарлануда. Платформа e-Otinish жүйесінің қағидаттарымен құрылған, яғни,барлық бизнес-процестер цифрландырылады, өтініштердің әрқайсысы қадағаланып,  орындаушылардың іс-әрекеттері автоматты түрде тіркеліп, әр жағдай бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі. Бұл өтініштерді өңдеу мен олардың орындалуын бақылауға,  ашықтық пен есептілікті арттыруға, сондай-ақ, нақты уақыт режимінде өңірдің өзекті цифрлық бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы, АI Komek Digital Aqmola орталығын құру жолындағы маңызды кезең болып табылады. Себебі, ол шұғыл қоңырауларды, инфрақұрылымдық мәселелерді және сервистік сұрауларды бірыңғай цифрлық контурда біріктіре алады.

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында: «Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет» дей келіп, экономиканың барлық саласына жаппай жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды. Ақмола облысында жасанды интеллект технологияларын дамытуға басымдық беру соңғы жылдары ерекше назарда. 2025 жылдың басынан бастап аймақтық ІТ-хабы AI Movement және Digital Keruen бағдарламалары аясында 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылды, мемлекеттік қызметшілерді, кәсіпкерлер мен жастарды қоса алғанда, қалалар мен аудандарда 2500-ден астам тұрғын оқытылды.

Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласы бойынша Көкшетау, Степногорск, Ақкөл және Қосшықалаларында медицина қызметкерлерінің әкімшілік жүктемесін төмендету үшін Аscle aІ – Жасанды инттелекті-дәрігер ассистенті жобасы іске асырылып жатыр. Аталған жүйе фондық режимде қабылдауды тіркейді, негізгі ақпаратты жинақтайды, құжаттаманы толтырады, келген пациентке 80 пайыздық дәлдікпен алдын ала диагноз қояды. Бұл  медициналық көмектің жылдамдығы мен сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласында жол жамылғысы мен инфрақұрылымның жай-күйіне зияткерлік талдау жүргізетін жоба жүзеге асырылуда.Жобабойынша мамандар компьютерлік көру және бейнесараптама  технологияларын қолдана отырып, жолдарда анықталған ақауларды тіркеу үшін сол аралықта жүріп өтеді. Нәтижесінде жоғарыда аталған құралдардың көмегімен деректер жиналып, өңделеді. Құрылғылар бір шыққанда 400 шақырымдық аралыққа талдау жүргізуге арналған.

Өңірде Жасанды интеллекті және Big Data технологиялары негізінде бірыңғай бейнемониторинг жүйесі іске қосылған. Бұл платформағакартографиялықсервис, әртүрлі деректер көздерін біріктіру, бейнеағындағы нысандар мен оқиғаларды іздеу, бейнесараптама модульдері, ақпараттық қауіпсіздік құралдары және хабарландыру жүйесі енгізілген. Сонымен бірге, бұл жүйеге Ішкі істер министрлігінің іздестіру базасындағы және жергілікті жерлердегі айналасына қауіп төндіруі мүмкін тұлғалар тізімі де қауіпсіздік үшін енгізілген. Бұлбет-әлпетті тану функциясы бар камералар тұрғын үйлердің кіреберістерімен мектептерде мониторинг жүргізеді. Қауіпті тұлғалар кірген жағдайда тиісті қызметтерге дабылды хабарландырулар жіберіледі.

Бұған қоса, қоғамдық қауіпсіздік саласында жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркеуге арналған 25 «Сергек» құрылғылары орнатылған, олардың 23-і облыс орталығында болса, қалған екеуі Қосшы қаласында іске қосылды. Сонымен бірге, 2025 жылдың соңына дейін Қосшыда 872 бейнебақылау камерасын, осы Қосшы және Степногорск қалаларында 32 «Сергек»құрылғысы мен жоғарыда аталған Жасанды интеллекті сараптамалық модульдері бар 4 мобильді кешен орнату жоспарлануда.

Міне, осылайша, Ақмола облысы өңірді дамытудың стратегиялық басымдығы ретінде цифрлық трансформация бағытын кезең-кезеңмен іске асыруда. Қазіргі енгізіліп жатқан озық цифрлық шешімдер мемлекеттік басқарудың тиімділігін, процестердің ашықтығын және халық пен бизнес үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға зор мүмкіндік туғыза түсері анық.

Енді біздің алдымызда осыған шектеулерді жою, деректерге қолжетімділікті кеңейту және платформалық шешімдерді дамыту бойынша орасан міндеттер тұр. Бұл бағыттағы жүйелі және нақтылы жұмыстар облысымыздың елдің цифрлық даму көшбасшыларының қатарына кіруіне және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге елеулі ықпалын тигізеді деген сенімдемін.

Мағжан ЕРЖАН,
Ақмола облысының цифрландыру
және архивтер басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар