Жұрт жаңа  амбулаторияға барады

Ескі Қалқұтан ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды,  деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Амбулатория 1000-нан астам ауыл тұрғынына қызмет көрсетуге арналған және  алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны ретінде шалғай елді мекен тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

– Ауылдағы медициналық қызмет көрсету жағдайларын жақсарту – Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласындағы саясатын іске асырудың басым бағыттарының бірі, – деп атап өтті амбулаторияның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы.

Астрахан аудандық ауруханасының бас дәрігері Әсемгүл Қазизованың айтуынша, нысан толық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

– Дәрігерлік амбулатория тұрғындарға дер кезінде әрі сапалы алғашқы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда медицина қызметкерлерінің жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған, – деді ол.

– Бұрын дәрігерлер бізді 60-жылдары салынған ескі әрі суық ғимаратта қабылдайтын. Енді осындай  жаңа осы заманғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген дәрігерлік амбулаториямыз бар, – деп қуанышын жасырмады ауыл тұрғыны Асылжан Мырзабай.

Жаңа ғимаратта бір ауысымда 45 адамды қабылдауға арналған. Онда процедуралық және егу кабинеттері, акушер кабинеті, зарарсыздандыру және физиотерапия кабинеті, ақпарат кабинеті, қақырық қабылдау бөлмесі және дәрігердің науқастарды қабылдау кабинеті қарастырылған.

Амбулаторияның ашылуы ауылдағы медициналық көмектің сапасын арттырып, санитарлық жағдайды және профилактикалық жұмыстың деңгейін жақсартуға мүмкіндік беретіндігі анық.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар