Мемлекеттік мүлікті  жалға беру тәртібі

Біле жүріңіз!

Ақмола облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органы болып табылады.

Ол өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқаруды, оның ішінде жалға беруді жүзеге асырады. Жалға беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 15 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Жалға берілген объектілер туралы ақпарат e-qazyna.kz активтерді басқару сандық платформасының қолжетімді «Мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталында орналастырылады. Порталда белгіленген тәртіппен тіркелген кез келген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға өтініш бере алады.

Жалға ауданы 100 шаршы метрге дейінгі, қалдық құны 150 000 АЕК-ке дейінгі объектілер мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан өтінім берушілер, концерттер, семинарлар, көрмелер және тағы басқа шараларды өткізу үшін оқу орындары, ғылыми, мәдениет және спорт ұйымдары, сайлаушылармен кездесуге және сайлау науқанына кандидаттарға бір өтінім берілген жағдайда тендерсіз жалға беріледі.

Бір объектіге екі немесе одан да көп өтінім берілген жағдайда немесе 100 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлікке және қалдық құны 150 000 АЕК-тен асатын жабдыққа жалға беру шарты жасалған жағдайда, жалға беру тендер арқылы жүзеге асырылады. Тендер өткiзу туралы хабарлама тендер өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтiзбелiк 15 күн бұрын веб-сайтта жарияланады. Ең жоғары жалдау ақысын ұсынатын және талап етілетін талаптарға сай қатысушы тендер жеңімпазы болып табылады. Айта кету керек, веб-сайт автоматты түрде баға ұсыныстарын салыстырады және тендер нәтижелерін қорытындылайды.

Жалдау шарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Үлгілік шартқа сәйкес электрондық форматта жасалады.

Мемлекеттік мүлікті жалға берудің негізгі аспектілері мынадай. Жалға беру веб-портал арқылы электронды түрде жүзеге асырылады;

— веб-портал арқылы тендер қорытындылары шығарылады және жеңімпаз автоматты түрде анықталады; веб-портал арқылы электронды түрде жалға алу шарты жасалады және қабылдау актісіне қол қойылады; шарт Ережеде көзделген жағдайларда және тәртіппен ұзартылуы мүмкін; төлем ай сайын республикалық бюджетке төленеді; веб-портал жалға беру бойынша берешегі бар жалға алушылардың тізілімін автоматты түрде қалыптастырады; жалға алушылар өздерінің шарттық міндеттемелерін бұзған жағдайда шарт бұзылады.

Абылайхан ӘБДІБЕКОВ,
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің
Ақмола облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
департаменті активтерді басқару бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар