Бұл туралы кеше Ақордада өткен билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз үшін бір айқын мәселе – Қазақстанның негізгі саяси моделі сақталады. Президенттік республика болып қала береді. Сонымен бірге мемлекеттік басқару жүйесі дәуір талабына сай икемді болуы тиіс. Реформалардың нәтижесінде биліктің бір тармағы өкілеттігін толық иеленіп, дербес жұмыс істейді. Соған сәйкес әр тармағы жауапкершілікті де сезінуі тиіс. Өкілетті биліктің Үкімет пен атқарушы органдарға бақылауы күшейеді. Бұл мемлекеттің кәсібилігін арттырумен қатар, Конституциядағы биліктің бірден-бір бастауы халық деген қағиданы бекіте түседі», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 26-бабын ескі редакцияда қалдыруды ұсынды.