Жаңартылып, мектеп-гимназия атауына ие болды

ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ

Аудан орталығы Державинск қаласындағы Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясының ресми ашылуы өтті. Бұл – ауданның бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды әрі тарихи оқиға. қмола облысының әкімі М.М.Ахметжановтың қаулысына сәйкес, қараша айында мектепке гимназия мәртебесі берілді. Мектептің педагогикалық ұжымы жыл сайын тұрақты жоғары нәтижелер көрсетіп, оқушылар зияткерлік, ғылыми, шығармашылық және спорттық байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді.

–Гимназия мәртебесін алу тереңдетілген оқытуға, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және заманауи білім беру технологияларын енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады. №1 мектеп-гимназиясы сапалы білім мен тәрбие берудің, сондай-ақ жаңа жетістіктердің орталығына айналатынына сенімдімін. Оның түлектері бұдан әрі де лайықты түрде ауданымыздың абыройын асыра береді, – деді аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков. Сондай-ақ, ол мектепке тәрбиелік, мәдени және патриоттық іс-шараларды өткізуге арналған киіз үй сатып алу үшін сертификат табыс етті.

Мектеп түлектері туған білім ордаларын шын жүректен мақтан тұтатындарын және ауқымды өзгерістерге жағымды ой-пікірлерін білдірді.

–Жаңартылған мектепті көргенде ерекше әсер алдық. Барлығы заманауи, әсем әрі ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған. Бүгінгі оқушылардың осындай жағдайда білім алып жатқанына қуаныштымыз, – дейді ауданның құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлбосын Ахметова.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры аталған мектептің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға шамамен 245 миллион теңге бөлді. Бөлінген қаражат есебінен мектептің 21 оқу кабинеті мен қалған өзге де аумағы толық жаңартылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.  

 Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар