ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТІ
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері полиция өкілдерімен, сондай-ақ, метрология және техникалық реттеу департаментінің мамандарымен бірлесіп, пиротехникалық өнімді сатумен айналысатын сауда нүктелері бойынша профилактикалық рейд жүргізді.
Тексеру барысында құжаттар, тауарлардың техникалық сипаттамасы, сондай-ақ, пиротехниканы сақтау және сату кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы зерделенді. Мамандар кәсіпкерлерге анықталған бұзушылықтарды атап өтті және осы өнімдерді сату ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін еске салды, әсіресе, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 196-бабы бойынша рейдтердің қорытындысы бойынша жалпы 1 730 080 теңге айыппұл сомасына 44 әкімшілік материал жасалды. Сонымен қатар, белгіленген нормаларды бұза отырып, айналымда болған 104 пиротехникалық бұйым тәркіленді.
Мұндай іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және сапасыз немесе заңсыз сатылатын пиротехникамен байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
Бейбарыс ШАЛАБАЕВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
![]()

