Су тасқынына қарсы шаралар күшейтілуде

ƏКІМ – ІС ҮСТІНДЕ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен кеңесте көктемгі су тасқынына дайындық мәселелері бойынша Астана маңында орналасқан аудандардың әкімдерінің баяндамалары тыңдалды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Гидрологиялық болжамға сәйкес, облыстың бірқатар аудандарында топырақтың ылғалдану деңгейі, тоңның қату тереңдігі және қар қоры көлемі қалыпты көрсеткіштерден асып отыр. Есіл, Жабай, Сілеті өзендерінде және олардың салаларында су деңгейінің қауіпті шектен асу ықтималдығы жоғары.

– Біздің өңір су тасқыны қаупі жоғары аймақтардың қатарына кіреді. Бұл бізден халықтың өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ, олардың мүлкін сақтау мақсатында жедел шешімдер қабылдап, қойылған міндеттерді уақытылы орындауды талап етеді.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ауқымды жұмыс жүргізілуде. Қар шығару жұмыстарына бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есеге, өзен арналарында мұз жару  жұмыстарын жүргізуге арналған қаржыландыру 1,7 есеге артты. Инженерлік және су сору техникасы дайындалуда, инертті материалдар, қаптар мен жанар-жағармай қоры жинақталуда. Халықпен өзара іс-қимылды жолға қойып, азаматтық бастамаларды қолдау қажет, – дейді өңір басшысы.

Аудан әкімдері мен Қосшы қаласының әкіміне қар шығару жұмыстарын жандандыру, инженерлік және су сору техникасын толық дайындыққа келтіру, қажет болған жағдайда оларды су тасқыны қаупі бар елді мекендерге жедел түрде қайта орналастыру, сондай-ақ, эвакуациялау және күштердің уақытша орналасу пункттерін дайындау тапсырылды. Сонымен қатар, халықпен ақпараттық жұмысты күшейтіп, әлеуметтік желілердегі өтініштерге жедел әрекет ету жүктелді.

Су тасқынына қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылу барысы тұрақты бақылауда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар