«Үш бұлақ–2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа құс фабрикасы салынуда.
Серіктестік директоры Дияс Испановтың айтуына қарағанда, жаңадан салынып жатқан құс фабрикасы жылына 90 миллион дана жұмыртқа өндіруге мүмкіндік беретін көрінеді. Бағдарлама шеңберінде қолға алынған бұл жоба 2 миллиард 302 миллион теңгеге бағаланып отыр.
Қазіргі кезде, құс қорасының 10-ны тұрғызылса, оның үшеуіне санитарлық жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, әкімшілік-тұрмыстық кешен, жем-азық, астық қоймасы, шаруашылық блок және зооветеринарлық зертхана құрылысы толығымен аяқталған.
– Жақында шетелден 148 мың тауық жеткізілді. Осы күні «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы арқылы алынған 112,1 миллион теңгеге құс фабрикасының инфрақұрылымын жасаудамыз. Қараша айының соңында кешенді іске қосуды жоспарлап отырмыз, – дейді Дияс Испанов.
Ақкөл ауданы.