Пилоттық жоба
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасымен Атбасар жаңа кешенді даму үлгісін негізге алған алғашқы пилоттық ауданға айналады.
Аудан әкімдігінде осы жақсы жаңалыққа байланысты «ATBASAR RE:START» атты кеңес өткізілді, оған жергілікті тұрғындар, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері және сарапшылар қатысты.
–Қаланы дамыту барысында құрылыс материалдарынан бастап абаттандыру жобалары мен инвестицияларға дейін барлығы бір жобаға біріктіріледі. Біздің мақсатымыз – аймақтың тұрақты экономикасын қалыптастыру, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және инвестицияларды тарту үшін тиісті жағдай жасау, – деді өз сөзінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова.
Қаланы дамыту үдерісінде негізгі рөлді «KOKSHE» ШҚ және урбанистика орталығы – «KOKSHETAU ENGINEERING» ЖШС атқарады. Олар кешенді зерттеулер жүргізуді, даму жоспарын қалыптастыруды және инвестициялық тартымды жобаларды дайындауды қамтамасыз етеді.
– Реновация бағдарламасы аясында облыс орталығында және бірқатар аудандарда 193 пәтерден тұратын 21 ескі үй сырылып, 10 көп қабатты үйде жаңадан 763 пәтер салынды. Біз алдымызға 2030 жылға дейін 250 апатты және ескірген үйді сырып, 5 мың пәтерлі 55 үй салу арқылы 18 мың адамға жағдай жасау мақсатын қойдық, – деді «KOKSHE» ШҚ төрағасының орынбасары Әли Әлиев.
Осы жылы Атбасарда жергілікті аймақты кешенді зерттеу, қаланың біртұтас сәулет бейнесін қалыптастырудың жоспарын әзірлеу, ғимараттардың қас беттерін жаңарту және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жоспарланып, осы уақыт аралығында 100 пәтерлі үй мен балалар ойын-сауық орталығын және кинотеатр салуды қамтитын инвестициялық жобалар пакеті әзірленуде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

