Терең ойландыратын туынды

Жаңа кітап

Алматыдағы «АRNА» баспасынан белгілі жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері, жуырда бірінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған Жабал Ерғалиевтің «ӨРТ» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Жалын» журналының бас редакторы Құдияр Біләлдің алғы сөзімен басылып шықты.

Адамның күрделі болмысы қашаннан бері көркем әдебиеттің өзегі болып келе жатқаны белгілі. Қай уақытта да заман тыныш болмаған десек те, дәл бүгінгі адамзат қоғамындағы аласапыран арпалыстардың күрмеуі қатты мәселелері жұмырбасты пенденің ой-пікірінде, сана-сезімінде көрініс тауып жатқаны ақиқат. Әркез адам тағдырының бұралаң жолдарын өз шығармаларына арқау етіп келе жатқан жазушының осы кітабына топтастырылған әңгіме, хикаяларында да бүгінгі заман шындығы, замандас бейнесі көркем өріліп, адами болмыстың алуан қырлары шебер суреттелген.

Кітапқа алғы сөз жазған Құдияр Біләл: «Бір сөзбен айтқанда, Жабал Ерғалиевтің «Өрт» хикаяты – қазақ әдебиетіндегі әлеуметтік мазмұны терең, көркемдік деңгейі жоғары туындылардың бірі. Жазушы «Өртте» тек бір адамның емес, бүтіндей бір буынның, бір дәуірдің қайғысы мен мұңын арқау етеді. Бұл – оқырманды селт еткізер, қоғамдағы мәселелерге бей-жай қарамауға шақыратын, терең ойландыратын шығарма», – деп атап көрсетіп отыр.

Мерей ХАМИДУЛЛА,
ҚазХҚжӘТУ университетінің студенті.

(«Қазақ әдебиеті»  газеті, 8 мамыр. 2026 жыл).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар