Жарқайың аудандық прокуратурасына жеке кәсіпкерден полиция инспекторының заңсыз әрекетіне байланысты шағым түскен еді.
Жергілікті полиция қызметінің инс-пекторы кәсіпкерді әкімшілік жазаға тартып, 20 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу жөнінде хаттама толтырған.
Державинск қаласында жеке дүкені бар кәсіпкер бұрын ешқашан әкімшілік, не қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Дүкенінің айналасын абаттандырып, түрлі көпшілік шараларға демеуші ретінде белсене қатысып жүрген кәсіпкерге полиция қызметкері дүкен алдында шығарылған күл қалдығы үшін айыпты деп тауып, оны әкімшілік жазаға тартқан. Осыған орай, прокуратура инспектордың шешіміне наразылық жазып, сот тарапынан ол қанағаттандырылды. Сөйтіп, кәсіпкердің бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
Венера ҚАРАБҰЗАУОВА,
аудандық прокуратураның аға прокуроры.