Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Келелі әңгіме қозғалды - АРҚА АЖАРЫ

Келелі әңгіме қозғалды

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Ғалым Бекмағамбетов жұмыс сапарымен Бурабай, Бұланды, Ақкөл және Шортанды аудандарында  болып,  Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай, жұртшылықпен  кездесулер өткізді.

Бурабай ауданынан басталған алғашқы кездесуде  Ғалым Мәдешұлы «Білім», «Денсаулық» бағыты бойынша партиялық мониторинг және бақылау комиссиясының отырысына қатысты. Бұдан кейін Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында жалғасқан жұмыс сапары барысында Купчанов психо-неврологиялық әлеуметтік  медициналық мекемесінің қызметкерлерімен кездескен партия төрағасының бірінші орынбасары Елбасы мақаласынан туындайтын міндеттер жөнінде баяндады. Бұл мекемеге өткен жылы 307 миллион теңге қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген екен. Биылғы жылы ғимараттың сыртын жөндеу үшін қосымша 87  миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Мекемеде 477 науқас емделуде, оларға 330 маман қызмет көрсетуде.  
Ақкөл ауданында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысқан Ғалым Бекмағамбетов зейнеткерлер және еңбек ардагерлерімен, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті. Дөңгелек үстел барысында баспасөз беттерінде жарияланған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жа-йында келелі әңгіме қозғалды. «Елбасы биылғы халыққа арнаған Жолдауында әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу үшін жаһандық бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастыру керектігін айтқан еді.
Алайда, алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жолында саяси реформалар мен экономикалық жаңғыруды қолға алу аздық етеді, Қазақстанның рухани жаңғыруына да баса назар аудару қажет. Ол үшін, ең алдымен, бұқаралық сананы өзгерту керек. Біртұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың ұлттық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі – ұлттық бірегейлікті сақтау. Әр ұлттың өзінің дәстүрі, мәдениеті, тарихы, әдебиеті болатыны анық. Қазіргі өркениет дамыған заманда ұлттық рухымыздан айырылып қалмауымыз керек. Ол үшін  Қазақстанға рухани жаңғыру қажет», – деп атап өтті ол өз сөзінде. Ауданның зиялы қауым өкілдері де бір ауыздан Елбасының сындарлы саясатын қолдайтындықтарын айтып, зейнет демалысына шықса да ескерусіз қалдырмайтын нұротандықтарға ризашылықтарын білдірді.
Іссапар шеңберінде партия төрағасының бірінші орынбасары  Ақкөл балалар үйінде болып, 2014 жылы пайдалануға берілген бассейн мен интернационал жауынгерлерінің ескерткішін көрді. Шортанды ауданында баста-уыш партия ұйымдары мүшелерімен кездесіп, медицина қызметкерлері  және ұстаздар қауымымен пікір алмасты.  
Бұқара халықпен жүздесіп, Елбасының бағдарламалық мақаласында  көрсетілген негізгі басымдықтарды талқылау бұдан әрі де жалғасын таппақ.
«Нұр Отан» партиясы
 Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар