Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, 2011 жылғы тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 27 сәуір №468
(«Егемен Қазақстан», 28 сәуір, 2017 жыл).