ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕР БҮГІН (5 қараша 2026 жыл) АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВТЫҢ БҰЛАНДЫ АУДАНЫ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСУІНІҢ АЛТЫН АРҚАУЫ БОЛДЫ.
БІР ЕРЕКШЕЛІГІ БҰЛ КЕЗДЕСУДЕ ӨҢІР БАСШЫСЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ЖАЙЛЫ ҚҰР ЕСЕП ҚАНА БЕРІП ҚОЙҒАН ЖОҚ, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУДА ҚОЙЫП ОТЫРҒАН МІНДЕТТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕКТІГІ ЖАЙЛЫ ОЙ ТОЛҒАДЫ, НАҚТЫЛЫ МІНДДЕТТЕР БЕЛГІЛЕДІ, ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ.
ӨЗ БАСЫМ БҰЛ ОБЛЫС ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВТЫҢ ХАЛЫҚПЕН ЖАЙ ҒАНА КЕЗДЕСУ ЕМЕС ЕДІ. ЕЛДІ, ӨҢІРДІ ӨРКЕНДЕТУ ҮШІН ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА НЕ ІСТЕУ КЕРЕКТІГІ ЖАЙЛЫ, ЯҒНИ ЕЛ БАСҚАРУДЫҢ АХМЕТЖАНОВ МЕКТЕБІНІҢ КЕЗЕКТІ САБАҒЫНДА ОТЫРҒАНДАЙ ӘСЕРДЕ БОЛДЫМ.
***-Біз ел дамуының тарихи кезеңінде тұрмыз. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтты. Ал, енді не істейміз деген мәселе әркімді ойландыруға, талпындыруға тиісті. Біз болашаққа ұмтылуымыз керек! Президентіміздің Жолдауын конспектілеп, астын сызып тұрып оқуға тиістіміз,- дей келіп Марат Ахметжанов қазіргі уақытта Ақмола облысында шет мемлекеттерден асыл тұқымды мал әкелініп жатқандығын айтты.–Жуырда ғана Австралиядан асыл тұқымды қой самолетпен әкелінді. Қалмақ тұқымдас сиыр өсіріп жатырмыз. Президентіміз өз Жолдауында біздің облысымыздың ет кластерін дамытудағы жақсы жұмысын атап көрсетті.
*** Әкім осыны айтты да қазір ауыл халқын жұмыспен қамтамасыз етудің толық мүмкіндігі бар екендігін айтты. Мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар мен көмектер бар дей келіп Марат Ахметжанов ауданның бүкіл ауылдық округтерінің әкімдерін орындарынан тұрғызды. Он бір әкім екен.
*** -Кәне, қолдайық, көмектесейік, қаржыландырайық! Өз округтеріңіздегі ауылды өркендетудің, мал шаруашылығын дамыту басқа да кәсіпті ашуға байланысты қайсыңызда бизнес жоспарлараңыз бар?,-деп сұраған облыс әкіміне ешкім де жарытып жауап бере алмады.
** * -Онда былай істейік, мен өзімнің бір күнімді сіздермен отырып, әр округті дамытудың бизнес жоспарын жасап, соны талқылауға арнайтын боламын. Әр ауылдың әкімімен кеңесетін боламын! Соған дайын болыңыздар,-деп Марат Ахметжанов «бір кішкене сілкініңіздер, оқыңыздар, ауылды өркендетудің қаншама бағдарламалары бар, соларды бір мезгіл қараңыздар, жақсы өркендеп отырғандардан үйреніңіздер, талпыныңыздар» деп жанашырлық пейіл танытты.
*** Сол бір жанашырлық пейілмен тағы да елді, ауылды өркендетудің түрлі бағдарламалары жайлы, олардың тиімділігі жайлы, сол бағдарламаларды аудан әкімдігі мен тиісті бөлімдердің қызметкерлері елге шығып ауыл халқына кеңінен түсіндірудің маңызыдылығы туралы сөйлеп кеткен Марат Ахметжанов сол арада елдік істің маңызы жайлы дәріс оқып тұрғандай еді.
*** Бұландылықтар облыс әкімі Марат Ахметжановқа сұрақ қойған жоқ, тек алғыстарын айтты.
Бұландылықтардың мұнысы әбден орынды болатын!
КЕЗДЕСУ СОҢЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ БІР ТОП ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРДІҢ КІЛТТЕРІН ТАПСЫРДЫ, ӨНЕР МЕН БІЛІМДЕ ТҮРЛІ САЙЫСТАРДА ҮЗДІК ШЫҚҚАН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН ЖАСТАРҒА БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАР ЖАСАДЫ.
Жабал Ерғалиев,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Сенаторлар кеңесінің мүшесі, І дәрежелі «Барс» орденінің иегері
![]()

