Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыстық филармонияға Үкілі Ыбырайдың есімі берілді - АРҚА АЖАРЫ

Облыстық филармонияға Үкілі Ыбырайдың есімі берілді

 

Киелі Қараөткел, көрікті Көкше топырағын дүйім қазақ өнер қонған, қазақ мәдениетінің бетке ұстар дүлдүлдерінің кіндік қаны тамып, әнді де мәнді бар өмірлері өткен алтын бесікке балайды.

 

Осы исі қазаққа танымал шоқтықты топтың ішінде Үкілі Ыбырай есімінің де өзгеше сипатқа иелігі  бар. Ән аспанында мәңгі сөнбес жарық жұлдыз болып жарқыраған, келер ғасырларға да солай самғайтын ән дарабозының аяулы есімін Ақмола облыстық филармониясына беру туралы әңгіме ертеден көтеріліп, осыған қатысты барлық құжаттары жоғары жаққа жөнелтіліп қойылғалы да бес жылдың жүзі өткен еді. Бұл екі ортада осы бір көптің көкейіндегі шаруаға жарияланған мораторийлер филармонияның солай аталуын сүйіншілеуімізге мұрсат бермегені де ақиқат.
Енді міне, «ештен кеш жақсы» демекші, «Ақмола облысының білім беру, спорт және мәдениет ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы» Қазақстан Рес-публикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы №261 Қаулысымен облыстық мәдениет басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Үкілі Ыбырай бабамыздың есімі беріліп отыр. Ендігі арада өнер ұжымының күнделікті жұмысы мен  шығармашылық ізденісіне де тың серпін беретін, өнер сүйер талғампаз қауымның да көңіл-күйі мен рухани жан дүниесін бір серпілтіп тастайтын бұл қуанышты хабарға қоса, Үкіметтің жоғарыдағы Қаулысымен №3 Ақкөл орта мектебіне Жайық Бектұровтың, Көкшетау қаласындағы №18 орта мектепке Сәкен Жүнісовтің, Ұлттық спорт  түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебіне Балуан Шолақтың, Еңбекшілдер ауданындағы Сәуле орта мектебіне Шәрәпи Әлжановтың, Ерейментау ауданындағы Малтабар орта  мектебіне Перуаш Кәрімовтың, Қорғалжын ауданындағы Дружба орта мектебіне Ақтан Төлеубаевтың  есімдері берілгенін де  ауыз толтырып айта кетсек, артықтығы жоқ.
Елдігіміз бен ертеңіміздің жолындағы осы бір еш кетпеген азды-көпті еңбектің жемісі құтты болсын, ағайын!   
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар